Жылап жұбансақ, күліп қуансақ Мұқағалиға жүгінетінбіз, әлі де солай. Ақын «Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған», деген өлең жолдарымен-ақ оқырманын тіл құдіретімен баурап алады. Кітап болып басылған әр парақтағы киелі жырлар көзге көрінбес әлдебір ғаламат ғажайыпқа айналып, кеңістікке сіңіп кеткендей.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Мұқағали – қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол – шын мәніндегі ұлттық құбылыс. Бүгінгідегі қазақ рухы алдың-күлдің тіршіліктен жалығып кеткенде Мұқағали жырларына үңіледі. Оның, мейлінше табиғи шумақтарынан жанына дауа табады. Оның үнсіз жымиғанына да халық жадырап, «қағаржып үнсіз жылағанынан» да халық тебіренгендей, халық күңіренгендей болады. Ол халық болмысымен бірге қайнасып кеткен ұлы тұлға», деп жазады («Қазақ әдебиеті», 2011 жыл, 22 шілде). Көкорай көктем келген шақта, әнтек «сүйісіп отырған кептерлер» көзімізге түскенде, көз ұшында көк белде түйіскен көк пен жердің арасында «Аспан асты, жер үсті, Ойхой, неткен көкпеңбек!», деп шаттана жымиюшы едік. Оның жаңғырған жаңарған жырлары «Сен менің, жүрегімнің жүрегісің» деп сағынған жандардың жүрегі болып үн қатады. Осы ретте ақынның әдеби тілге қосқан өзіндік үлесі жайында, суреткер тілінің байлығы турасында кейбір деректерді санамалап көрген едік. «Мұқағали тілінің сөздігі» атты көлемді зерттеудің авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Байынқол Қалиұлы ірі қаламгерлер тілінің сөздігін жасау – білген адамға тек қажырлы еңбектің ғана емес, үлкен мәдениеттіліктің белгісі екенін айтады. Ғалымның айтуынша, Мұқағали тілінде жиі қолданылатын сөздердің бірі – көмекші етістіктер. Мәселен, «Тұр» етістігі көмекші етістік ретінде 978 рет қолданылса, негізгі етістік ретінде 735 рет, «қал» етістігі көмекші етістік ретінде 548 рет қолданылса, негізгі етістік ретінде небәрі 352 рет қолданылған. Ал мақтан сөзі Мұқағалида 33 рет қолданыпты. «Өз жетістігін асыра айтып марқаю, өзін-өзі дәріптеу» мағынасына саятын бұл сөздің ауыспалы, бейнелі мағыналардағы бөс (10 рет), лепір (5), көпір (2) тәрізді сыңарлары да ақын жырларында арагідік кездеседі. Мән-мағыналары үндес Тәңір (92 рет), құдай (85), құдірет (69), ием (45), алла (41), жаратқан (15), жасаған (6), жаратушы (5), тағала (1) сөздері сынды қолданыстар лексикалық нұсқалар мен синоним сөздер қатарында көптеп ұшырасады.
«Сөздік жасаудың нәтижесінде Мұқағали ақын өз шығармаларында 13.348 сөз, 5.035 тұрақты тіркес қолданып, оларды 21.453 мағынада жұмсағандығы анықталды. Осы үшеуін қоссақ, Мұқағалидің тіл байлығы 39.836 тілдік бірлік болып шығады. Олардың қандай сөз, қандай тұрақты тіркес, қандай мағыналар екенін оқырман қауымның өздері-ақ сөздіктен тауып, біле алады. Бұл тұрғыдан біз өз міндетімізді абыроймен орындап шықтық деп ойлаймыз», дейді Байынқол Қалиұлы.
Ізденіс үстінде дәл осы ақпандағы ақын күнделігіне көз жүгірткен едік, «Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін, қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі», деп мұңы мен қуанышын қатар қағазға түсіріпті. Кейде күлімдеген, кейде түңілген ақын жаны күні бүгінге дейін сан мыңдаған жүректерге сәулесін түсіріп келеді. Ақырғы сөзді ақынға берелік.
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар