Саясат • 11 Ақпан, 2021

Шағымды терминал арқылы береді

164 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) соттал­ғандардың өз ша­ғымдарын білдіру үшін электронды терминалдардың цифрлы сервисін енгізуде. Бұл пенитенциарлық жүйені жаңғырту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру аясында атқарылуда.

Шағымды терминал арқылы береді

Қылмыстық-атқару ко­дек­­сінде пени­тен­циарлық жүйе мекемелеріндегі сот­тал­ған адам­дардың құқық­тары мен мін­­деттері жа­зыл­ған. Жазасын өтеп жүр­­ген азаматтар кедергісіз заң­­гер­лік, медициналық және пси­­хологиялық кө­мек алу­ға құ­қылы. Сондай-ақ оларға ең­бек қауіпсіздігіне, әлеуметтік, зей­нетақымен қамтамасыз етуге және жазаны өтеу жағдай­ларының нормаларын сақтауға ке­пілдік берілген.

«Біздің басты міндетіміз – сотталған адамдарды ұстау са­пасын бақылау, оларды қай­та әлеуметтендіру және оларға жа­заны өтеудің тиісті жағ­дай­ларын қамтамасыз ету», дейді ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов. Сондай-ақ ҚАЖ комитетінің басшысы аталған терминалдардың қызметкерлер тарапынан орын алуы мүмкін лауазымдық өкілеттіктерін асы­ра пайда­ланған жағ­дайда олар­дың жолын кесуде және алдын алуда тиімділігін атап өтті.

«Жеке құрам тарапынан заңсыз іс-әрекет фактілері анық­­талған жағ­дайда, біз жедел-тергеу тобы мен про­­кура­­­тура құрамында қызмет­тік тергеу жүргіземіз. Лауазым­дық өкілет­тіктерін асыра пай­да­лан­ғаны расталған жағ­дайда, бұл қызметкерлерге қа­тыс­ты жұмыстан босатуға дейінгі қа­таң шаралар қолда­нылады. Элек­трон­ды терминалдар сот­­талғандарға ша­ғымды тікелей про­ку­ратураға, ал кейіннен сот­қа және өзге де құқық қор­­ғау ор­гандарына, сондай-ақ өзін­дік қауіпсіздік қызметіне жіберуге мүм­кіндік береді. Бұл рәсім шағымдарды қабылдау және оларды жедел өңдеу про­цесін едәуір жеделдетеді. Сондай-ақ ҚАЖ мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамта­ма­сыз ету күтілуде, бұл уақтылы бақы­лауға және қызметкерлердің де, сот­тал­­ғандардың да заңсыз әре­кеттерін азай­туға мүмкіндік бе­реді», деп толық­тырды ҚАЖК төрағасы.

Прокуратура органдары мен қыл­мыстық-атқару жүйесінің ақпараттық жүйелерін біріктіру осы жылдың 1 ақпанында аяқ­тал­ды. Сотталғандардың шарт­ты түрде мерзімінен бұ­рын бо­сатуға және жазаның өтел­­меген бөлігін жазаның не­ғұрлым жеңіл түрімен ауыс­ты­руға ша­ғымдар, өтініштер мен өтінішхаттар беру сервисі іске қосылды. ҚАЖ-ды да­мыту­дың 2019-2023 жылдарға арнал­­ған жол картасына сәйкес бар­лығы 121 терминал сатып алы­нып, олар сот­талғандар үшін қолжетімді, үздік­сіз бей­­не­­бақылау жүргізілетін орындарда орнатылды. Қазіргі уақытта ҚАЖ меке­мелерімен сот­талғандардың био­ме­триялық деректерін тіркеу және осы тер­миналдарды пайдалану ере­же­лерін түсіндіру бойынша жұмыстар жал­ғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, өт­кен жыл­­­­дың күзінде құра­мына ҚАЖК бас­­­шысы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Орталық Азиядағы PRI бағ­дар­­­ламаларының өңірлік ме­нед­жері кірген делегация Ал­маты облысындағы Заречный кентінің ҚАЖ мекемелеріне барып, терминалдардың жұ­мы­сын ал­ғашқы рет іске қо­сып, көрсеткен. «Біз бас бостан­ды­­ғынан айыру орында­рында бақылау жүргізетін қоғамдық-бақылау комиссияларымен және Ұлттық алдын алу тетігімен ты­ғыз өзара іс-қи­мыл жасаймыз. ҰАТ құрамына ҮЕҰ өкіл­дері, әлеу­меттік қызметкерлер, заң­гер­­лер, дәрігерлер және мекеме­лердің әкім­шілігінен толық тәуел­сіз және басқа да аза­маттық тұл­ғалар кіреді. Олар меке­меге кедергісіз келіп, ұстауда отыр­ған кез келген адаммен сөй­лесе алады», де­­ді төраға.

Сондай-ақ сотталғандардың құқық­тық жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылдан бас­тап мамандандырылған «элек­тронды дүкендер» енгізілген. Мұн­да тауарлардың 400-ден ас­там атауы ұсынылған. Тауар­лар тізімі үне­мі толықты­ры­лып, кеңейтіліп отырады. Соттал­ғандар азық-түлік, киім, кі­­тап, тыйым салынбаған тауарлар мен қыз­меттерге тапсырыс бере алады. Бұған сот­талғандардың туыстары да қатыса алады. Олар Қылмыстық-ат­қа­ру заң­намасына сәйкес, соттал­ғандарға рұқсат етілген қандай да бір заттарды жеткізуге тапсырыс беруге құқылы. Терминалдардың жұ­мысы іске қосылғаннан бас­тап өнер­кәсіптік пайдалануға енгі­зіл­генге дейін сотталғандар 26 өті­ніш пен 158 шағым жіберіп үлгерген.