Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда сауда-экономикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.
Өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматындағы диалогты дамытуға ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.