Руханият • 19 Наурыз, 2021

Исмаил Гаспыралының 170 жылдығына арналған конференция өтті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Тұлғалар тағылымы» жобасы аясында Түркі әлемінің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Исмаил Гаспыралының туғанына 170 жыл толуына орай «Тілде, пікірде, істе бірлік» атты халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Исмаил Гаспыралының 170 жылдығына арналған конференция өтті

Онлайн форматта  өткен шараға  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Еуразия Ұлттық университетінің  проректоры Дихан  Қамзабекұлы, И.Гаспыралының ұрпағы, зерттеуші Гүлнар Сеитваниева, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Тимур Коджаоглу, Назарбаев университетінің профессоры Юлай ШамилоглуМимар Синан университетінің профессоры Исмаил Туркоглу, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгерушісі Кахрамон Раджабов, Ресей Ғылым академиясы Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының қызметкері Ахат Салихов, Гази университетінің профессоры Түмен Сомунжуоглы, Баку мемлекеттік университетінің  профессоры Абид Тахирли, сонымен бірге танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бас қосуда сөз сөйлеген Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясы өз жұмысында И.Гаспыралының "Тілде, пікірде, істе бірлікте" деген ұранын басшылыққа алатынын атап өтіп, мерейлі межеге арналған жоспарларымен бөлісті.

Онлайн режимде өткен бас қосуда ғалымдар И. Гаспыралының мұрасы мен жәдидшілдік жолындағы қызметіне кеңінен тоқталып, пайымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды

Конференцияны Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Дихан  Қамзабекұлы жүргізіп отырды.

Соңғы жаңалықтар