Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында шопан 300 қойымен бірге адасып кеткен

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында бір отар қойымен адасып кеткен шопан екі күннен соң табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында шопан 300 қойымен бірге адасып кеткен

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының тұрғыны «Сұңқар» шаруа қожалығының жетекшісі өзінің қол астында жұмыс атқаратын шопаны 13 наурыз күні Меркі ауданы құмды алқабында, малын бағып кетіп, содан қайтып келмегенін полиция бөлімшесіне хабар берген.

«Аталған дерек бойынша Меркі және Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жедел тергеу тобы құрылып, 300 бас қойымен жоғалып кеткен шопанды іздестіру жұмыстары жүргізген. 15 наурыз күні адасып қалған шопанды малымен араға екі күн өткен соң тапқан» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Адасып қалған шопан мен «Сұңқар» шаруа қожалығының жетекшісі Меркі, Мойынқұм ауданының полиция бөлімі тергеу бөлімшесі, криминалдық полиция бөлімшесі және учаскелік полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіруде.