Үкімет • 19 Наурыз, 2021

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі тағайындалды

1618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарысу ауданының әкімі болып Марат Сұлтанғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан активінің жиынына онлайн режимінде қатысып, жаңа басшыны таныстырды.

«Сарысу ауданының мүмкіндігі мол. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономикасын дамытуға күш салу керек. Бұл ретте инвесторлармен жұмысты үдету маңызды. Марат Қырғызәліұлының алдына қойылған мақсаттардың бірі осы. Сондай-ақ ауданға көгілдір отын жеткізуді жеделдету қажет», деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетейік, Марат Сұлтанғалиев 2018 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарып келді.