24 Сәуір, 2010

ҒАБЕҢ ҒИБРАТЫ

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда Алматы қалалық тіл­дерді дамыту басқармасы және Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіре­повтің мемлекеттік әдеби-мемо­риалдық музей кешені ұйымдас­тыруымен дәстүрлі “Ғабит оқу­ларының” ашылуы болды. Ең алдымен Ғ.Мүсірепов атын­дағы Балалар мен жастар театры­ның алдындағы жазушы ескерткі­шіне “Ғабит оқуларына” қатысу­шылар гүл шоқтарын қойып, Ғабең рухына тағзым етті. Дәстүрлі “Ғабит оқулары” биыл 1941-1945 жылдардағы екін­ші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс­тің 65 жылдығына арналды. Қазақ әдебиетінің классиктері, академик-жазушылар Ғабит Мүсірепов “Қазақ солдаты” романымен, Сәбит Мұқанов “Правданың” тілшісі ретінде майданның алғы шебінде болып, “Мәлік Ғабдул­лин”, “Мәншүк Мәметова”, т.б. очерк кітапшаларымен, жауын­герлермен жазысқан хаттарымен бұл тақырыпқа арнайы қалам тербеген. “Соғыс және суреткер” атты шағын көрме ұйымдас­тыры­лып, оның ашылуы осы “Ғабит оқуларының” аясында өтті. “Ғабит Мүсірепов пен замандас жазушылардың шығар­ма­ларындағы патриотизмнің, ұлт­тық намыстың көркемдік шешім­дері” деген тақырыпта белгілі май­дангер қаламгер, Қазақстан­ның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұр­шайықовтың әңгіме-баяны тар­тым­ды да тағылымды болды. Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахет және С.Мұқанов пен Ғ.Мүсі­ре­повтің мемлекеттік әдеби-ме­мо­риал­дық музей кешенінің дирек­торы Әділғазы Қайырбеков биыл төртінші рет өткізіліп отырған “Ғабит оқуларының” ерекшелік­тері туралы ой бөлісті. Халықара­лық “Алаш” сыйлығының лауреа­ты Оразақын Асқар Ғабеңе қатыс­ты, “Қазақ батырына” қатысты ой бөлісіп, жиналғандарды тәнті етті. Ғ.Мүсіреповтің жиені Қанатбай Базарбаев зергер суреткер жайлы өз естеліктерін бөлісті. Республикалық білім беру жү­йе­сінің басшы және ғылыми-педа­гогикалық кадрлар біліктілігін арт­тыратын институттың маман­дары (жетекші – кабинет меңгеру­шісі Қарлығаш Жүнісханқызы), өз тың­­даушылары – облыстық, ау­дан­­дық оқу бөлімдерінің басшы­ларымен келіп, өз сөздерінде “Ға­бит оқу­ларының” жас ұрпақ тәр­биесіндегі маңыздылығын атап өтті. Ғ.Мүсірепов атындағы №86 гимназияның оқушылары (жетек­ші – Тамара Қуанышқызы) да бұл игі шараға белсене ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды. “Ғабит оқуларына” қатысу­шылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, фотосуретке түсті, музейдің Тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды. “Ғабит оқуларына” орай 2010 жылдың 21 сәуірінен 1 мамырға дейін музейдің ашық есік күндері жарияланды. Жанар ТАЕВА.