Оқиға • 05 Сәуір, 2021

Мас жүргізуші қағып кеткен екінші оқушы қайтыс болды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы ауруханада 4 cәуір күні қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мас жүргізуші қағып кеткен екінші оқушы қайтыс болды

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40-та «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйде (орташа дәреже) көлігімен жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар оқушы қызды қағып кетті.

Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты тергеуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алған еді.