«14 сәуірде сағат 14.15 уақытында Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөліміне вокзалға кіре берістен қараусыз жатқан қорап табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұдан соң, желілік полиция қызметкерлері теміржол станциясының іргелес аумағын қоршауға алды», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ғимараттан 60 адам эвакуацияланған.
«Мамандар қорапты тексерді. Онда қауіпті және тыйым салынған заттар табылған жоқ. Қазір теміржол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қорап иесі табылған жоқ. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда», деді Көліктегі ПД баспасөз қызметіндегілер.