«Қазіргі таңда елімізде шектеу жоқ, вакцинаны қай жерде ектіремін десеңіз өз еркіңіз, тіпті ауыл-аймаққа да вакцина уақытында және ақысыз түрде жеткізіліп жатыр», деді министр.
Қазіргі таңда елімізде отандық «QazVac» пен ресейлік «Sputnik V» вакцинасын егу қарқынды жүріп жатыр.
«Бүгін қосымша араб вакцинасын аламыз. Яғни бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен жасалған. Қазіргі таңда осы вакцинаны күтіп отырмыз, елге жеткізілсе өңірлерге таратамыз. Осы арқылы бізде халық үшін үш вакцина қолжетімді болады», деді Алексей Цой.