27 Сәуір, 2010

ТОЛАССЫЗ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС

779 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Сонау бір ашар­шылық жылдары Сыр елінің өзбек жеріне үдере көшіп жатқан заманында кіндіктен жал­ғыз, тумасынан сөзге сараң, еңбекқор егінші Төреш Қазан­тайұлының отбасында біз сөз етіп отырған Ор­ын­бек аға дүние есігін ашты. Орекеңнің бірге туған ағасы Сердалы Ұлы Отан соғысында Ленинград қор-шауында қалды, ке­йінгі ағасы Қонысбек майданнан аман-сау оралып, Сыр еліне ең­бегі сіңген, ұзақ жылдар бойы пар­тия және кеңес қызметтерін атқарып, ел құрметіне ие болды. Тетелес ағасы Райымбек ту­мысынан өте зерек, өзінің қысқа өмі­рінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының өркендеуіне өз үле­сін қосқан азамат еді. Туған же­рінде бас зоотехник, кеңшар ди­рек­торы, облыстық ауыл ша­руашылығы бас­қармасы бастығының орынбасары болды, Арал аудандық ауыл ша­руашылығы бөлімін бас­қарып, үлкен абыройға қол жеткізді. Орынбек Төрешев туып-өскен ауылы Қызылжармадағы бастауыш, Жосалыдағы орта мектепті бітірі­сімен, 1945 жылы Алматыға келіп, Қа­зақ мемлекеттік ауыл шаруа­шы­лығы институтына агроном маман­дығы бойынша оқуға түсті. 1950 жы­лы ғалым-агроном маман­дығы бо­йынша диплом алып, туған жері Қар­мақшы ауданының Ақжар мә­шине-трактор стансасында аға агро­ном, одан кейін аудандық ауыл шаруа­шы­лығы бөлімінде бас агроном болып қызмет атқарды. Аз уақыттың ішінде көзге түсіп, аудандық атқару ко­митетінің депу­таты болып сайланды. Орекеңнің одан кейінгі еңбек жолы – тек ғылым саласы болды. 1951 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерт­теу институтының аспира­н­ту­ра­сынан бастау алған ғылыми зерт­теулері толассыз 60 жыл бойы жал­ғасуда. Суармалы егіншілік жүйесін қа­­лыптастыру және ауыл шару­а­шы­лық дақылдарын өсіру тех­но­логиясын жетілдіру мәселелерінің ғылыми не­гіз­дерін қалаушылардың бірі бүгінде 80  жастың баспал­дағын аттап отыр­ған қажырлы, терең ойлы, Орын­бек ағамыздың еңбек жолы міне осындай. Бүгінде 75 жылдық тарихы бар ауыл шаруашылығы ғылымының қара шаңырағы – Қазақ егіншілік ғы­лыми-зерттеу институтымен қоса жа­сасып келе жатқан оның айтар сөзі “бір мекемеде алпыс жыл еңбек ету тек қана құрмет емес, ол жа­уап­кер­шілік. Ғылыми табыстарға қуанасың, болмай жатқан іске әттеген-ай дейсің. Мен не көрмедім, ауыл шаруа­шы­лығы ғылымының қалыптасуы да, дамуы да көз алдым­да. Қызметтес болған ірі ға­лымдар А.Жанғалиев, А.Бараев, Г.Бияшев, М.Ерлепесов, Х.Арыс­танбеков, Б.Басыбеков, В.Жи­гай­лов, І.Әбу­ғалиев, Е.Амантаев, О.Ше­­­гебаев және тағы басқалары еш­қашан естен кетпейді, алдыңғы бу­ын­нан қалған көз тек мен ғана сияқ­тымын. Кейінгі жастарға мені сый­ла­ған­дары үшін рахмет”, – деп оты­ра­ды. Суармалы жер – егіншіліктің ал­тын қоры, оны тиімді пайдалану, құнарлығын арттыру ел басшы­ларының әрқашан назарында болды. Әр кезеңдегі тапсырмаларға сәйкес кең көлемде кендір, таусағыз, мақта, қызылша, бидай, жоңышқа өсіру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, суды тиімді пайдалану мәсе­лелері қойылған кезде Орекең тіке­лей осы істерге ғылыми ба­с­шылық жасап, өз әріптестерін, ас­пи­рант­тарын, іздену­ші­лерін нәтижелі зерт­теулерге жұ­мыл­дыра білді. Ат­қарылып жатқан ғы­лыми-зерт­теу­лердің нәтижелерін сол кездегі Министрлер Кеңесінің Төрағасы, қазіргі Елбасымыз Н.Ә. На­зар­баев­тың, сонымен қатар Д.А. Қо­­наев­тың, А.А. Асқаровтың, К.М. Ау­ха­диев­тің және ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының басшы­лары алдында егжей-тегжейлі баяндау сәттері де болды. Суармалы егіншіліктің жүйесі бо­йынша 140-тан астам ғылыми еңбек, оның ішінде 3 монография, өн­діріске арналған 30 ұсыныс баспадан шықты. Орынбек Төрешевтің кадр да­йындау ісіне қосқан үлесі ерекше. Дис­сертациялық кеңестің ғылыми хат­шысы болған кезінде 108 үміткер кан­дидаттық диссертация қорғап, ғылыми дәрежелер алды. Суармалы егін­ші­ліктің ғы­лыми-өн­дірістік мәселелері бо­йын­ша 18 шәкірті ғы­лым кандидаты және 4 ізденуші ғылым докто­ры ата­ғын қорғады. Бү­гінде олардың көп­ші­лігі тұлғалы ғалым­дар, өндіріс майтал­ман­дары, бел­гілі ұстаз­дар бо­лып қалып­тас­ты. Қазақстан Рес­пуб­ли­­касы Ұлттық ғылым акаде­мия­сының ака­де­ми­гі М.Сүлейменов өзінің бір ғылыми еңбегін Орекеңе ұсына отырып, “ғылым жолына жолдама берген аға­мызға естелік ретінде”, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акаде­миясының академигі Р.Елешев өз ең­бегін “Қазақтың суармалы егін­шілігінің негізін қалаушы Орынбекке, сый құрметпен”, деп табыстаған. Орекеңнің жерлесі К. Сыдық: Асқар таудай алып күш  қайдан келген, Мұндай күшті қасиетті адамға құдай берген. Адамгершілік, ілтипат жақсылық бір өзінде, Еңбектенген, ерінбеген жандарға өзі келген. Ақ көңілді бәрімізден аямайтын бар күшін, Қарап тұрып, таңғаламыз шалт басқан жүрісін. Сізге ұқсайтын інілер көп ауылда, Алға тартып құрметтейтін бәрі ісін, – десе, ал шәкірті Е. Төлегенов ар­науын былай қайырады: Күн күліп, күй күмбірлеп жүрегіңде, Пәк көңіл, ақ ниет бар жүрегіңде, Адалдық, қатал мінез, жомарттық бар, Өзгеше қасиет көп бір өзіңде... Осы шәкіртінің өлең жолдары Орекеңнің жан дүниесін, ішкі сы­рын, сырт болмысын жете анықтап тұрғандай. Орынбек Төрешұлы ұл-қыз­да­рының да және Төреш әулетінің ұрпақтарына да жоғары білім алуына да аянбай көмегін берді. Ал, оның отбасын әңгіме етсек, оның құдай қос­қан қосағы Мағрипа Құр­ман­ғали­қызы ұзақ жылдар бойы Әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­си­тетінде химия пәнінен сабақ берді, қазір құрметті дема­лыс­та. Үлкен қызы Гүлмира жоғарыда аталған универ­си­теттің химия фа­культетінде доцент, химия ға­лым­да­рының кандидаты. Әлия Алматы дәрігерлік институтын бітірген, ме­дицина ғылымдарының кандидаты, Он­кология және радио­ло­гия инс­титутында бөлім меңгерушісі, ұлы Қаныш ауыл шар­уа­шылығы ғы­лымдарының кандидаты, Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми орталығының ғылыми қызыметкері. Орынбек Төрешұлының ғы­лым­дағы қомақты еңбегі жоғары ба­ға­ланып, Қазақстан Республикасы Жо­ғарғы Кеңесінің Құрмет гра­мо­та­сымен, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Ең­бекте үздік шыққаны үшін”, “Ерлік еңбек үшін”, “Еңбек ардагері”, “Тың жер­­лерді игерген үшін” ме­даль­да­рымен, бір­неше мәрте одақтық және рес­пуб­ликалық халық шаруашылығы көр­­мелерінің медальдарымен және диплом­да­ры­мен, Ауыл шаруашылығы ғылым ака­демиясының және Ұлттық ака­демиялық аграрлық зерттеулер ор­талығының құрмет грамо­та­ла­ры­мен марапатталды. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шы­ғып отырған отырған, барлық өмір жо­лын толықтай ғылымға ар­наған, суармалы егіншіліктің және эколо­гия­лық таза өнім өндіру жүйесінің ғы­лыми негіз­дерін қа­лып­тастыруда ай­рық­ша үлес қосқан ірі ғалым, ауыл ша­руа­шы­лығы ғылым­дарының док­торы, профессор Орынбек Төрешевке зор ден­саулық және табыс тілейміз. Ұла­ғатты ұстаз­дық құрып, жастарды бі­­лімге, ғылымға баулуда атқара бе­ретін еңбегі әрқашан жемісті болғай. И.НҰРПЕЙІСОВ,  Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы.