Экология • 06 Мамыр, 2021

Алматы көшелеріне көпжылдық гүлдер егіледі

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда 50 мың ағаш көшеті отырғызылды. Алдағы жылы Алматы жасыл желекке орана түседі, бұл туралы бүгін онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы көшелеріне көпжылдық гүлдер егіледі

Бұл тек «жасыл аралдар» ғана емес, сонымен қатар толыққанды бақтар болады. Отырғызу жұмыстары «Экологиялық марафон» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Наталья Ливинская қалада көктемгі көшеттер отырғызу науқанының аяқталғанын хабарлады. Осы көктемде 50 мың көшет отырғызылды. 2021 жылы барлығы 350 мың ағаш отырғызылады. Өткен жылы 282 мың ағаш егілген. Н.Ливинскаяның айтуынша, барлық отырғызылған ағаштарды екі жыл бойы мердігерлік ұйымдар суарады.

Сонымен қатар, Рысқұлов көшесінің бөлу жолағында көлік айрығынан Алғабас ықшам ауданына дейін 650 қарағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 350 көшет отырғызылса, 10 мамырға дейін тағы 300 көшет егіледі.

Н.Ливинская қалада гүлмен көгалдандыру тәсілі қайта қарастырылғанын хабарлады. Соның арқасында Алматы қайтадан бақша қала дегенді еске салатын болады.

«Біз біржылдық өсімдіктерді отырғызу тәжірибесінен бас тартып, көпжылдықтарға көшудеміз. Есентай өзенінің жағалауын бойлай биыл біз көпжылдықтар отырғыздық, оларды жаңа толқын гүлдері деп те атайды. Оларға сондай атау бердік, өйткені олар маусымнан күзге дейін кезек-кезек гүлдейді. Біз жолдар мен тротуарлардың жиегіне, сондай-ақ,  Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарына гүлдер егіп жатырмыз», деді ол.

Басқарма басшысы Наталья Ливинская олардың ведомствосы «Жасыл аула» акциясын аяқтағанын хабарлады.

«Біз 150-ден астам мекенжайға барып, алматылықтарға 1500 жапырақты ағаш көшеттерін тараттық. Көшеттермен бірге қала тұрғындарына отырғызу және күту ережелері бар брошюралар берілді, сонымен қатар олар күтім туралы кепілдік міндеттемелерге қол қойды», деп түсіндірді Н.Ливинская.

Мегаполисте ауқымды көгалдандырумен қатар жәндіктермен күрес жүріп жатыр. 15 сәуірден бастап Алматыда жасыл желектерді химиялық және биологиялық әдіспен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарының алдын-алу.

«Ерекшелігі – өңдеу түнде және таңертең жүзеге асырылады. Өңдеуде Қазақстан аумағында рұқсат етілген химиялық препараттар пайдаланылады және олар адам өмірі үшін қауіпті емес. Бүгінгі таңда жұмыстар қаланың барлық 8 ауданында жүргізілді», деп түсіндірді Жасыл экономика басқармасының басшысы.

Брифинг барысында Наталья Ливинская әлеуметтік желілерде қылқан жапырақты ағаштардың  қатысты «аңыздарға» түсініктеме берді. Басқарма зертханалық зерттеулерді бастады, ғалымдар кептірілген шыршалардың бұтақтарынан талдау алды.

«Талдау нәтижелері қылқан жапырақты ағаштарда сапрофитті зең пайда болғанын көрсетті. Мен бұл қауіпті зең емес екенін атап өткім келеді, бұл өсімдіктерде кездесетін қарапайым микроорганизм. Бұл еуропалық саңырауқұлақтар емес. Биологтар атап өткендей, бұл зең ауруының себебі емес, салдары. Зең ауруы температураның күрт өзгеруінен мен күннің күйдіруіне байланысты пайда болды», дейді Н. Ливинская.