Қоғам • 15 Мамыр, 2021

Көкшетау полицейлері жоғалған мұғалімді қаңғыбастар арасынан тапты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері жоғалған мұғалімді Көкшетау қаласының қараусыз қалған орындарының бірінен белгілі тұрағы жоқ адамдар арасынан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД сілтеме жасап.

Көкшетау полицейлері жоғалған мұғалімді қаңғыбастар арасынан тапты

Полиция департаментінің  мәліметінше, ақмолалық полицейлер Солтүстік Қазақстаннан Көкшетауға келіп, жоғалып кеткен 32 жастағы мұғалімнің тұрған жерін анықтады.

«Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінен табылды. Онда ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп шықты. Ер адам бұл әрекетін түсіндіріп бере алмады. Оған қатысты қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды», деп атап өтті ведомство өкілі.

Полицейлер тек жыл басынан бері Ақмола облысында 33 адам жоғалып кеткенін, оның 26-сы іздестірілгенін айтты. Жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде. Бұған еріктілер мен жергілікті тұрғындар жан-жақты көмек көрсетіп отыр.

Айта кетейік, осыдан 5 күн бұрын сағат 17:17 кезінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне СҚО ауылдарының бірінен 53 жастағы тұрғын хабарласып, Көкшетау қаласына кеткен 32 жастағы ұлын іздеуге көмек сұраған еді.