Білім • 27 Мамыр, 2021

Ежіктеп оқитын мұғалімнің мектепке қалай қабылданғаны белгілі болды

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мұғалім ежіктеп оқитынына қарамастан, оның қалай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ежіктеп оқитын мұғалімнің мектепке қалай қабылданғаны белгілі болды

№ 8 қазақ-тәжік орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанова педагогті аудандық білім бөлімінен бөлу бойынша жұмысқа қабылдағанын айтады.

Мектеп директорының айтуынша, ол тестілеуден өткен. Алайда екінші кезең –әңгімелесу болғандықтан, ол мектептен емес,  тікелей ауданның бағыттамасымен келгенін жеткізді.

«Ол маған ауданнан бағыттама бойынша келді. Мен, әрине, оны қабылдадым», дейді директор.

Бұған дейін аудандағылар педагогтің жұмысқа қабылдануына байланысты жауапкершілікті мектеп директорына артқан еді.

Мектеп басшысы Қоғамдық даму департаментінің кадр жетіспеуі туралы мәлімдемесін де жоққа шығарды.

«Бізде кадр жетіспеуі жоқ. Педагог расында буынға бөліп оқитын, бірақ ол алғашқы кездері, мұғалім мектепке енді ғана келген жылдары болған», деді Гүлсара Хасанова.

Алайда ата-аналардың бірі директордың сөзін жоққа шығарды.

«Ол балаларға сабақты қашықтан беру кезінде солай сөйлеп отырды. Есіңізде болса, былтыр барлық мектепті жауып тастаған болатын», дейді ата-ана.

Бүгінде педагог декреттік демалыста.

Соңғы жаңалықтар