Оқушылардың үшкүндік жарысы Алтынсарин ауданындағы Генерал Бәкіров атындағы сауықтыру лагерінде өтіп жатыр.
Облыстық білім басқармасының өңірлік дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, аталмыш іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа облыстың 20 өңірінен мектеп жасындағы балалардан құралған 12 команда қатысуда. Бүгін слеттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жас саяхатшылар мен өлкетанушылар ертең қашықты бағындыру бойынша «Кедергілер жолағы», «Туристік эстафета» жарыстарына түседі. Сондай-ақ «Экспресс-газеттер», «Фото есептер», «Спорттық туризм техникасы», «Капитандар сайысы», «Туристік әндер» атты байқаулар өтеді.
Қостанай облысы