Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Инвестициялық субсидия көлемі ұлғайды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық ауылшаруашылық техникаларын сатып алған шаруаларға берілетін субсидияның көлемі 30%-ға дейін өсті. Субсидияға қатысты ережеге енгізілген мұндай өзгеріс тек Қазақстанда құрастырылған машиналар мен техника құралдарына ғана қатысты болмақ.

Инвестициялық субсидия көлемі ұлғайды

Ал шетелден трактор, комбайн, дәнсепкіш кешен сияқты қым­бат техникаларды сатып ал­ған шаруашылықтарға мемлекет бұ­рынғыдай техника құны­ның 25%-ын қайтарып береді.

– Бұл түзетулер инвес­ти­ция­­лық субсидиялау ере­же­ле­­­ріне енгізіліп болды. Ауыл шаруа­­­шылығы министр­лігі суб­си­дия­лау­ға жататын отан­дық техникалар тізбесін бекітіп, Qoldau.kz жүйесіне орналас­тырып қойды. Қазақс­танда құ­рас­тырылған ауыл­шаруа­шы­лық техникаларын сатып алғысы келген фермерлер ЭСҚ арқылы осы порталға кіріп, субсидияға өтінім бере алады, – деді Қостанай об­лыстық кәсіпкерлер палатасы АШК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

Субсидиялау ережелеріндегі өзге­рістер фермерлер мен диқан­дар­ға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникаларды құрастыратын жергілікті кәсіпорындарға да қол­дау көрсетуге бағытталған. Машина құрастыратын зауыт өкілдерінің сөзінше, елімізде отандық комбайндар мен тракторлар көптеп құрастырылып жатқанымен, бүгінгі таңда суб­сидияның басым бөлігі шетелге кетіп жатыр. Өйткені шамасы жеткен шаруалар отандық емес, шетелдік техниканы сатып алғысы келіп тұрады. Ал шетелдің трактордың құны Қа­зақстанда құрастырылған трактордан әлдеқайда қымбат болғандықтан, оған отандық тракторға қарағанда субсидия да бірнеше есе көп төленеді. Облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, отандық өнімге берілетін инвестициялық субсидия көлемінің ұлғаюы шар­уа­лардың жергілікті зауыттан шыққан техникаларға деген қызығушылығын арттырады.

 

Қостанай облысы