«Ashyq жобасы жолаушыдан «қызыл» немесе «сары» мәртебесін анықтап, жол жүруге жіберілмеген жағдайда жолаушыға пойыз билеті құнының 50 пайызы ғана қайтарылады. Біз бұл мәселені әріптестерімізбен жан-жақты талқыладық. Осы орайда барлық жолаушылардан жолға шығар алдында Ashyq қосымшасы арқылы мәртебесін тексеріп шығуын сұраймыз», деді В. Бошманн.
Бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі жолаушы Ashyq жобасынан өтпей, пойызға отырғызуға жіберілмеген жағдайда билетті кері тапсырып, оның құнын қалай қайтаруға болатынын түсіндіріп берген еді.
Айта кетейік, бұған дейін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасының жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.