Аймақтар • 18 Маусым, 2021

Елорданың темір жол вокзалы Ashyq жүйесіне қосылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының темір жол вокзалында коронавирустың таралу қаупін азайту үшін Ashyq жобасы енгізілді. Енді ғимаратқа QR-код сканерленгеннен кейін ғана кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың темір жол вокзалы Ashyq жүйесіне қосылды

Теміржол вокзалының кіреберісінде QR-код сканерлейтін Ashyq жүйесі жұмыс істейді.

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін 2021 жылдың 14 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан теміржол вокзалында Ashyq жобасы енгізілгенін хабарлаймыз. Кіру кезінде жолаушы QR-кодты ASHYQ.KZ, KASPI.KZ, AITY мобильді қосымшасы арқылы сканерлейді», делінген хабарламада.

Егер қосымша орнатылмаған болса, кіреберісте вокзал қызметкеріне ЖСН көрсету қажет. Ал шетелдіктердің статусы паспорттың нөмірі арқылы тексеріледі. Бұл ретте 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді.

Теміржол вокзалына «қызыл» және «сары» статусы бар азаматтар кіргізілмейді. Сол себепті Ashyq.kz сайтындағы бейтарап код арқылы өз статусыңызды алдын ала тексеріп алуыңыз қажет.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше