Қоғам • 25 Маусым, 2021

Алматы тұрғындарының мазасын алған мопедшілер мәселесі қалай шешіледі?

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев журналистердің сұрақтарына жауап бере келе, мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдату қажеттігі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тұрғындарының мазасын алған мопедшілер мәселесі қалай шешіледі?

Б. Сағынтаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мопед жүргізушілерінің қозғалысын реттейтін ережелер енгізілуі тиіс деп есептейді.

«Өкініштісі, мопед жүргізушілері мен скутер арасында жолда жүру ережелерін бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Мопедтере қозғалысын реттеу үшін шаралар қабылдау қажет деп ойлаймын», деді әкім.

Алматы әкімі велошеринг жүйесінің жай-күйі туралы сұраққа жауап бере отырып, 2021 жылы жөндеу үшін қаражат бөлінгенін және маусым айының соңына дейін қосалқы бөлшектерді жеткізуге шарт жасалғанын хабарлады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары аясында велосипед стансасы мен дүңгіршектердің ребрендингін жаңарту қарастырылған.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында 250-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар ҚР ЖҚЕ жол қозғалысының басқа қатысушыларына теңестірілген баламалы қозғалыс құралдарын басқаратын тұлғалар санатының жағдайын реттейді және ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады (жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының ЖҚЕ бұзуы).

Қозғалыстың бұл түрі неғұрлым танымал болып келе жатқанын және соның салдарынан Алматы қаласы ПД апаттылығының өсуі болжанып отырғанын ескере отырып, ҚР ІІМ-ге балама қозғалыс құралдарын пайдалану ережелерін қатаңдату және ҚР заңнамасына тиісті ұсыныстар енгізу мәселесін қарау қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ жанындағы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына, жол қозғалысы ережелеріне, «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне қалалық ортада микро мобильді көлікті пайдалануды пысықтау бөлігінде енгізу үшін ұсыныстар талқылануда.

Сонымен қатар Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполисте «қаланың вело және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту стратегиясын» әзірлеу аяқталуда, онда проблемалық мәселелер қаралып, ұсыныстар енгізіледі. 

«Алматы байкына» қатысты Алматы әкімдігінің мәліметінше, велошеринг жүйесі 2016 жылы іске қосылған және велосипедтерді ұстауға жеткілікті көлемде қаржыландыру бөлінбеген. Күрделі жөндеу және жинақтаушы бөлшектерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмеген.