Аудан орталығындағы ардагер-ұстаздар мен тыл және еңбек ардагерлерінің үйіне қолдау көрсету мақсатында, осы шара ұйымдастырылған болатын. Жоба белсендісі Ерсін Мұратхановтың айтуынша, жастарға патриоттық тәрбие мен қайырымды болу аса маңызды. Сонымен қатар ауыл ардагерлерінің үйіне тазалау жұмыстарын жүргзіп, тәттілер апарып беріп, өнегеге толы сұхбат та жасады. Ауыл ардагерлері де қатты риза болып, баталарын берді.
«Біз Қазақстан Республикасының жасотандықтары әрқашан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге әзірміз. Бүгінде тұспа-тұс келіп отырған Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «30 игі іс» жасаудамыз», деді Jas Otan Жастар қанатының жергікті жетекшісі Жан Алжанов.