Білім • 13 Шілде, 2021

Әлемдік брендтерге бағдар

506 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік универ­ситетінің төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Алма Дощановамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Әлемдік  брендтерге бағдар

– Алма Іргебайқызы, биыл А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай өңірлік универ­си­тетінің түлектері Қазақ­стан­ның басқа да жоғары оқу орын­дарындағыдай үйрен­шікті мемлекеттік дипломдарды емес, атап айтқанда өзіндік үл­гідегі дипломдарды алды. Осы жаңалыққа орай еліміздің жо­ғары білім беру саласында қан­дай өзгерістер болды?

– Өзіндік үлгідегі дипломдар – академиялық қоғамдастықтың жүйелі жұмысының заңды нәтижесі. Және бұл жаһандану жағдайында ерекше өзектілікке ие. Түлектердің бәсекеге қабілет­тілігін қамтамасыз ету үшін әр уни­верситет өз қызметінің нәти­желері үшін толық жауапкер­шілікке ие болуы керек.

Бүгінде Білім және ғылым министр­лігі нормативтік-құ­қық­тық актілерді жетілдіру дең­гейінде еліміздің жоғары оқу орындары үшін академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестікті іске асыру бөлігінде барлық жағдайды жасады. Бұ­ған Үкіметтің 2019 жылғы 11 қазандағы №752 қаулысы және жоғары оқу орындарының ком­мерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесін алуы дәлел бола алады. Осылайша, кәсіби білім берудің ұлттық жүйесіне кадрларды даярлау сапасы үшін әрбір жоғары оқу орнының жауапкершілігіне кепілдік беретін әлемдік трендтер енгізілуде. Айтпақшы, жеке үлгідегі универ­ситеттік дипломдар да әлемдік трендтердің бірі болып табылады. Мемлекеттік үлгідегі дип­ломдар қазір посткеңестік ел­дер мен кейбір еуропалық тәжірибеде ғана қалды. Әлемдегі ең көп таралған жоғары білім берудің англосаксондық моделі өз үлгісіндегі дипломдарды қам­тиды. Олардың қатарына Гарвард, Оксфорд, Сорбонна және басқа да көптеген шетелдік университеттер кіреді. Бұл мәселе ресейлік білім беру жүйесінде де талқылануда, олар қазірдің өзінде Мәскеу мемлекеттік уни­верситеті, Санкт-Петербург мем­­лекеттік университеті мен Экономика жоғары мектебінде өз дипломдарын тапсыру мүм­кіндігіне қол жеткізді. Көріп отыр­ғанымыздай, бұл мәселеде біз­дің еліміз көршілерге қа­рағанда жылдам қимылдады.

Жаңа үлгідегі дипломдар қа­зақстандық жоғары білім беру­дегі бәсекелестікті жаңа деңгейге көтереді. Егер А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ туралы нақты айтатын болсақ, онда біз жаңа сын-тегеуріндерге дайынбыз. Біздің университет 82 жыл ішінде білім беру нарығында бай тарих пен дәстүрге ғана емес, сонымен қа­­тар жұмыс берушілер тарапы­нан ерекше құрметке ие болып келеді. Біздің барлық білім беру бағдарламаларымыздың халықаралық және ұлттық аккредитациясы бар, ал үштен екісі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінің ТОП-10 құрамына кіреді. Айта кету керек, келтірілген қаулының негізінде біз өңірлік университет мәртебесін алдық, бұл – біздің ЖОО тарихындағы жаңа кезең, жаңа жоспар, сонымен қатар ел алдындағы жаңа жауапкершілік.

– Бұл жаңалық жалған «мамандардың» пайда болуына әкелмей ме? Бұл құжаттарды қор­ғау деңгейі қаншалықты жоғары?

– Өкінішке қарай, бүгінде кез келген салада ешкім фейктерден сақтандырылмаған. Осын­дай фактілерді болдырмау үшін министрлік деңгейінде жоғары білім беру жүйесінде нақты іс-шаралар қабылданды. Біріншіден, әр дипломның өзіндік сәйкестендіру нөмірі бар, ол ұлттық білім беру деректер базасымен синхрондалады. Яғни қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығын тез тексеруге болады. Мұны тіпті белгілі бір университеттің дипломы бар түлегін өз командасына қа­был­дайтын жұмыс беруші де жасай алады. Бұл ретте құжаттың бірнеше қорғау дәрежесі бар, ол су белгілері бар арнайы қа­ғазға басып шығарылған. Ал жосықсыз қызмет көрсетушілер қолданыстағы заңнама аясында жауап береді. Өз үлгісіндегі дип­ломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай іс-әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны белгілі.

– Жұмыс берушілер үшін жаңа дипломдар олардың түп­нұсқалығын танудың жаңа тетік­­терін және олардың ие­лері­­мен жұ­мыс істеудің жаңа дағ­ды­ларын қажет ете ме?

–  Мен ашық ұлттық білім беру деректер базасында тіркелген дипломдардың түпнұсқалығын тек­серу қиын болмайды деп айт­тым. Бірақ бүгінгі таңда жұ­мыс беруші үшін ең бастысы – оның бакалавр немесе магистр дипломының иегері ғана емес, ең алдымен, қажетті құзыреттердің толық жиынтығы бар жақсы маман: hard skills және soft skills. Hard skills – бұл тікелей кәсіби машықтар, бірақ қазір soft skills түлегінің кәсіби дағдылардан тыс дағдыларының болуына еңбек нарығында үлкен көңіл бөлінуде. Біздің заманымыздың шындығы –  қазіргі жоғары оқу орындарының түлектеріне толық қажеттілік үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Жас жігіттің кәсіби дағдыларға ие болуы да маңызды: ол бір мәселені шешумен біріктірілген командаға тез бейімделеді, жауапты және тәртіпті бола алады, бастама мен көшбасшылық қасиеттерді көрсете алып, сы­ни тұрғыдан ойлана алады. Өз уақытын тиімді басқарып, сен­діре алады, ана тілін ғана емес, шығармашылық идеяларды ұсынып, оларды стартаптарда жүзеге асыра алады. Біздің бар­лық жоғары оқу орындарымыз жұмыс берушіге осындай үлгі­дегі диплом иегерін ұсынуға дайын ба?

Жалған қарапайымдылықсыз мен өзімнің ҚӨУ үлгісіндегі ди­плом дәл осындай түлекті бей­нелеуге арналған деп айтамын. Бізде білім алушылар мен кәсіби және кәсіби емес дағ­дыларды қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған: жұмыс берушілердің тікелей қаты­суымен мақсатты практикаға бағыт­талған оқыту, белсенді ше­тел­дік академиялық ұтқырлық, қазіргі заманғы эксперименттік база, ой-өрісін кеңейтетін және IQ арттыратын ондаған майнер пәндері, конкурстар мен стар­тап-жобаларды сүйемелдеу, жастардың шығарма­шылық әлеуетін дамыту, олард­ың спорттық даярлығы, салауат­ты өмір салты үшін толық инфра­құ­рылым, дебаттық қозғалыс, волонтерлік, КТК... Және жастар­дың шығарма­шылық әлеуетін, біздің бакалавр­ларымыз, магистр­леріміз, докторларымыз табысты және бәсе­кеге қабілетті болуына, еңбек нарығында өзінің лайықты орнын табуына күш салатын беделді (тек Қазақстан ішінде ғана емес) профессорлық-оқытушылар құрамы.

Өз үлгісіндегі дипломдарды бере отырып, біз университет брендін қалыптастырамыз. Біз­дің жағдайда А. Байтұрсынов атын­дағы ҚӨУ дипломы – сапа кепілі және сұранысқа ие түлектер. Мұн­дай мақсат біздің алдымызға Үкі­мет деңгейінде қойылған және біз оны іске асыру үшін жұмыс істеп жа­тырмыз.

– Өз үлгісіндегі диплом – бас­па өнімі…

– ...Иә, әрине, біздің және беделді университеттің беделді дипломы болуы керек. Менің
ойымша, ол осылай болды. Оның дизайнында кәсіпқойлар жұмыс істеді. Оның мөлшері стандарт­ты мемлекеттік өлшеммен салыс­тырғанда үлкен болды: айқарма түрінде А-4 форматы болады. Сондықтан, егер қаласаңыз, оны жеке құжаттар жинағында сақтамай-ақ, арнайы рамкаға салып, әлемдік беделді фирмаларда әдеттегідей жұмыс орнына ор­наластыруға болады. Ол сол жердің көркі болатынына сенім­дімін.

– Жаңа үлгідегі дипломдар­ды тапсыру кезінде қазіргі түлектерге не айттыңыз?

– 2021 жылғы түлектерге арнаған сөзімде, бірінші кезек­те, олар бүкіл елмен бірге Республика Тәуел­­сіз­дігінің 30 жылдығын, эко­­но­микалық және саяси инте­гра­цияның маңызды шеп­терін атап өтетін түлектер еке­нін атап өттім. Бұл үдеріске біз мақтан тұтатын және жетістік­терімізге таң­данатын көптеген түлектеріміз үлес қосты. Олар біздің ЖОО-да әр жылдары оқыды. Бүгінде олар – қалып­тасқан кәсіпқойлар, өз ісінде табысты, беделді мамандар,  әлемнің кез келген елінде өз орнын тапқан тамаша сұранысқа ие мамандарды біздің ҚӨУ еліміз үшін тағдыршешті онжылдықтарда даярлағандығының тікелей дәлелі.

Қазір алғаш рет өңірлік мәр­тебесі жаңартылған универ­си­теттің түлектері ҚӨУ-дің өз үл­­гі­сіндегі дипломын алды. Со­ны­мен қатар олар сапаға кепіл болар еңбек нарығында еркін бәсе­келестік танытып, маңызды және қызықты оқиғаларға, сондай-ақ өмір бойы жаңа дағ­дыларды, жаңа білімді алу перспективасына бағытталған тәуел­сіз өмірге өту мүмкіндігіне ие бола алады.

Бәріңізге зор денсаулық, бақыт, ынта, үлкен мақсаттар мен ірі жобалар тілеймін! Жеңістер мен жаңа көкжиектер көбейе берсін! Махаббат, сәттілік және өз күшіне сену сіздердің сенімді серіктеріңіз болсын!

 

Әңгімелескен

Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»