Қазақстан • 28 Шілде, 2021

Педагогтарымыз әлемдік сыйлықтарға лайық – Е. Мәжитов

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық педагогтардан «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына құжаттар қабылдаудың жабылуына екі аптадан астам уақыт қалды. Жобаны өткізу тарихы жайлы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ төрағасы Ермек Мажитов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педагогтарымыз әлемдік сыйлықтарға лайық – Е. Мәжитов

«Біздің ұстаздарымыз әлемдік сыйлықтарға, әлемдік деңгейде танылуға лайықты деп санаймыз. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы үшінші маусым бойы өткізіліп отыр. Мұғалімдерден өтінімдерді қабылдау сәуір айынан 15 тамызға дейін жалғасады. Әрбір мұғалім осы жобаға өз бетінше қатыса алады, өз өтінімдерін мектеп әкімшілігінің шешімінсіз немесе қатысуынсыз, бөлім немесе білім басқармасы немесе Білім министрлігі тарапынан берілген ұсынымдарсыз бере алады

Тәуелсіз судьялар Академиясының көмегімен топ-50 мұғалім іріктеліп алынады, содан кейін 10 финалист анықталады, олар 24 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін сыйлықпен марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаздар мен 10 финалист «Әлем мұғалімі 2022» жаһандық сыйлығының номинанттары атанады», деді спикер. 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55