Елімізде жол-көлік оқиғаларынан болып жатқан адам шығыны мына әлемді жайлап, құтымызды қашырып тұрған коронавирус індетінен көз жұмып жатқан жамағаттың санынан кем түспей тұр. Яғни жол апаттарынан қаза тапқан отандастарымыздың қатары қалың. Бұл – демографиялық жағдайы мәз емес еліміз үшін үлкен шығын.

«Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, бұл тақырыпқа қайта айналып отыруға тура келеді. Өйткені ел аман, жұрт тынышта жол-көлік оқиғаларынан талай боздақтың бақилық болып жатқаны адамды бейжай қалдырмайды екен. Мәселен, 2020 жылы 13 515 жол-көлік оқиғасы орын алып, 17 844 адам жарақаттанған, 1 997 адам көз жұмған, оның 184-і – он екіде бір гүлі ашылмаған балалар. Бұл цифрларды санада қорыту ауыр. Біз осы қасіреттен сабақ алып, жағдайды түзеу үшін оған қоғам мен атқарушы биліктің назарын барынша аударуымыз қажет. Өйткені аталған қайғылы жағдай мүдделі мемлекеттік органдардың тарапынан қолданылып келе жатқан шаралар әлі де болса жеткіліксіз немесе олардың тиімділігі төмен екендігін көзге шұқығандай етіп көрсетіп отыр.
Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде жол-көлік оқиғалары себебінен болатын өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда шамамен 10,5 адамнан келетін көрінеді. ДДҰ-дың деректеріне қарағанда, дамыған елдерде 100 мың адамға 3 өлімнен, ал жағдай төмен мемлекеттерде 10 мың тұрғынға 40-қа жуық өлімнен келеді екен. Демек, дамудың даңғыл жолына түскен еліміз осы салада озық елдердің қатарынан көрінуге күш салуы керек-ақ.
Жол-көлік оқиғаларының орын алуына себеп болар жағдаяттар өте көп: ауа райының қолайсыздығы, жүргізушінің ұқыпсыздығы, жылдамдық шектеуіне бағынбау, мас күйінде көлік жүргізу, көліктердің техникалық жай-күйінің төмендігі, жаяу жүргіншілердің жолды кез келген жерінен кесіп өтуі және басқалар. Деректерге қарағанда, бұлардың ішінде жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық режімін сақтамаудан туындап жатады екен. Сондай-ақ автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі олқылықтар да талайды жол бойында зар еңірететін жайттарға мейлінше көбірек себепші болатын көрінеді. Ал көлік құралдарының соқтығысуынан болатын өлім-жітім жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандардың жалпы санының 36%-ын құраса, бұдан кейінгі өлім-жітім көп болатын жайт – жаяу жүргіншілердің көлікпен соқтығысуымен байланысты (30%). Жол-көлік оқиғаларының аталған екі түрінің үлесіне барлық қаза болғандардың жартысынан астамы тиесілі болып шықты.
Демек, басты қауіп неден екені, қандай мәселелерге басымдық беру қажетін жоғарыда келтірілген деректерден анық аңғаруға болады. Тарата айтар болсақ, біріншіден, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту аса маңызды. Бұл өз кезегінде барлығы үшін тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қажетті білім беру, мәдени-тәрбиелік іс-шаралар өткізу арқылы жас ұрпақты жол ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу мүмкіндігін кеңейте түседі. Бұл ретте жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің санын арттыра түсудің де қажеттілігін еске салғымыз келеді. Екіншіден, кешенді шаралар қабылдай отырып, жолдардың инфрақұрылымын дамыту қажет. Егер осы мәселелер уақыт талабына сай шешімін табар болса, жол-көлік оқиғаларын, олардан адамдардың зардап шегуін, әсіресе қайғылы жағдайлар едәуір азаяр еді деп ойлаймыз. Осы арада energyprom.kz-тің ақпараты бойынша Қазақстан 2019 жылы жол сапасы бойынша әлем мемлекеттері рейтингінде 141 елдің ішінен 93-орын иеленгенін айта кетейік. Содан бергі аралықта бұл рейтингтегі жағдайымыздың қаншалықты жақсарғаны, не төмендегені әзірге белгісіз. Біздің ойымызша, өзгеріс соншалықты көп бола қоймауы мүмкін.
Тұрғындар тарапынан еліміздің жол инфрақұрылымына қатысты айтылатын сын аз емес. Олардың көбі жол құрылысының минималды стандарттарын сақтамау себебінен жолдардың басым бөлігінің нашар жағдайда болуына, жол салуға сапасыз материалдарды пайдалануға, жол құрылысы технологиясының өрескел бұзылуына, яғни жолдың ені, тегістігі, таңбалануы, жарықтандырылуы, жол бойындағы белгілер мен объектілердің орнатылуы бойынша талаптардың сақталмауына, жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылаудың жеткіліксіздігіне, қысқы маусымда жолдарды қардан уақтылы тазартпауға қатысты. Осының барлығы еліміздегі жол апаты қасіретін барынша азайту мәселесіне жаңа да жанашыр көзқарас қажеттігін ұқтырғандай. Сонымен бірге тұрғындардың жол ережелеріне қатысты құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру ісі де өзекті күйінде қалып отырғаны айдан анық.
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстаулық түлектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Кеше
Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды
Президент • Кеше
Сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылады
Парламент • Кеше
Бішкекте ҚазҰУ-дың филиалы ашылды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Әлем • Кеше
Алматы қаласы Спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Президент • Кеше
Қазақстан Ыстықкөлде күн электр станциясын салуға қаржы бөледі
Қазақстан • Кеше
Мұхтар Тілеуберді Италияға іс-сапармен барады
Қазақстан • Кеше
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар