Суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ұсынды. Экспозиция Қарағанды қаласындағы Достық үйінде ашылды.

«Мен шығармаларымда жан айқайымды бейнеледім. Себебі мен және менің ата-анам – ядролық сынақтардың тірі куәгерлеріміз. Мен туып-өскен Егіндібұлақ ауылы полигоннан жүз шақырым жерде орналасқан. Бала кезімде ата-анамның Семейге жиі барғаны есімде. Содан кейін олар көбінесе дала арқылы өтетін жолды қысқартып, қиып өтетін. Әрине, мұның бәрі бізге әсер етті. Өзімнің суреттерім арқылы адамдарға ядролық қарудың қауіптілігі туралы жеткізгім келеді. Елестетіп көріңізші, егер ол террористердің қолына түссе не болады? Сондықтан антиядролық қозғалыс – менің бүкіл өмірім», дейді Кәріпбек Күйіков.
Достық үйінде қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, этноұйымдар мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділерінің қатысуымен онлайн режімде «Ядролық қарусыз Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуді облыстың ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Семей полигонындағы ядролық сынақтардан бас тартудың 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сансыз азап шеккен ядролық жарылыстарды тоқтатып, бейбітсүйгіш ел ретінде бүкіл әлемге Тәуелсіз Қазақстан Республикасын паш етті. Атом бомбаларының жарылыстарынан кейін қандай қайғылы жағдай болғанын бәріміз есте ұстауымыз керек. Ядролық сынақтар Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында көрініс тапты. Жарылыстардың салдарынан біздің миллиондаған азаматтарымыз зардап шекті, ал радиоактивті жауын-шашын флора мен фаунаны жойды. Мұның бәрін ұмытпау керек», деп атап өтті Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын.
29 тамыз – қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік антиядролық қоғамдастық үшін де ерекше күн. Естеріңізге сала кетейік, Семей полигонында алғашқы сынақ 1949 жылдың 29 тамызында өткізілді. Ал 42 жылдан кейін сол күні полигон Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ресми түрде жабылды. 2010 жылдан бастап 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі.
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Қоғам • Бүгін, 21:25
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар