Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын мониторингтеу бойынша бағалау раунды шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ делегацияларының және Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (GRECO) кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Еуропа Кеңесінің стандарттарына сәйкестігін бағалау.
Қазақстан ІІМ-нің атынан ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ведомство қызметкерлері қатысты. А.Саданов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында шетелдік әріптестер жинақтаған озық тәжірибені қолдануға және қабылдауға дайын екенін атап өтті: «Халықаралық ынтымақтастық – бұл біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекеттердің өзара іс-қимылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай стандарттарды белгілеуге, азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға ықпал ететіні сөзсіз».
ІІМ департаментінің бастығы GRECO сарапшыларына ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық базаны дамыту туралы айтып берді. «Біз сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қатерлердің жаһандық сипатын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық ықтимал шараларын қабылдаудамыз. Нәтижесінде, соңғы үш жылда қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 43%-ға, жыл басынан бері қылмыстардың жалпы саны 15%-ға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық 8%-ға қысқарды», деді ол.
Сондай-ақ, сарапшыларға қазақстандық полицияны ауқымды реформалау, адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды заңнамаға енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берілді. Кездесу барысында Қазақстан тарапының өкілдері GRECO сарапшыларының ішкі істер органдарының функциялары мен міндеттеріне, оның өкілеттіктері мен бағыныстылығына, полицейлердің кәсіби даярлығына байланысты сұрақтарына жауап берді. GRECO мамандары Қазақстан ІІМ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністеріне қарсы іс-қимылға, сондай-ақ олармен күресу үшін бірлескен тиімді шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесін атап өтіп, ведомство өкілдеріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдер тобы 1999 жылы осы ұйымға кірген елдерде Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын мониторингтеу үшін құрылған. GRECO-ның міндеті – осы саладағы Еуропа Кеңесінің стандарттарын сақтау мониторингі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейде жетілдіру.
GRECO құрамына жалпы халқы 1,2 миллиардқа жуық Еуропа, Америка және Азия мемлекеттері кіреді. 2020 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан GRECO-ға 50-ші мүше мемлекет болды. Осы жылы 7-10 қыркүйекте Қазақстан алғаш рет GRECO тарапынан мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауы бойынша бағалаудан өтті.
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар