11 Ақпан, 2014

Мәңгілік Ел жолында

398 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы тәуел­сіз­дік алған жылдар ішінде экономи­ка­сы қарқынды дамыған, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағ­да­ры айқындалған, өркениеттік демо­кра­­тия­лық жолмен дамып келе жат­қан жа­сампаз мемлекеттің іргесін қалады.

Қазақстан Республикасының тұ­рақты және өркениетті дамуына серпін берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасынан кейінгі биылғы 18-Жолдауының маңызы өте ерекше.

Елбасымыздың «Қазақстан жо­лы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан қоғам­дық дамудың экономикалық, әлеу­меттік, рухани байланысының негізі көрініп тұрғандай.

Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыттардың барлығы да уақыт талабымен үндескен, өте маңызды, сонда да елімізде ішкі жалпы өнім көлемінің өсімін 4 пайыздан түсір­меу, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемін 13 мыңнан 60 мың долларға дейін, яғни 4,5 есеге арт­тыру, ғылымды қаржыландыру өсімін ішкі жалпы өнімнің 3 пайыз­дық деңгейінен төмендетпеу, қазақ­стандықтардың өмір сүру жасын ұлғайту, алдыңғы қатарлы және бәсе­кеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру міндеттерінің маңызын ерекше атап өткім келеді.

2050 жылға қарай ғылымға бөлі­нетін қаржы еліміз ІЖӨ көлемінің 3%-ын құрайтын болса, бұл өте үлкен қаржы, сондықтан отандық ғылым өндіріс өнімде­рінің құнын арзандатып, өндірілетін тауар­лардың сапасын арттыратын болады.

Елбасымыздың «универ­си­тет­тердің дербестігін қамтамасыз ету керек» деген ойы жоғары білім саласы үшін өте маңызды. Бұл орайда еліміздің жоғары оқу орындары өз мәселелерін дербес шешіп, «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы аясында алға қойған міндеттерін жүзеге асырып, академиялық еркіндікті ай­қындайтын болады.

Алдағы үш жыл ішінде еліміздің мек­тептерінде орын тапшылығы мәсе­лесінің толық шешімін табатыны, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім алушылардың стипендия көлемінің 25 пайызға көбейетіні барша жас ұрпақ өкілдерімен қатар, педагогтар қауымын қуантып отыр.

Саламатты өмір салтын және медициналық-техно­ло­гия­лық даму­дың арқасында қазақ­стан­дық­тардың өмір сапасын арттыру, сол арқылы өмір сүру жасын 80 жасқа дейін ұзарту мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жасам­паздығына көз жеткізіп келеді.

Бүгінгі күні елімізде инно­ва­циялық жобаларды дамыту, жүзеге асыру өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты баламалы энергия көздерін пайдалану, оны өмірге енгізу жұмыстары нақты қолға алынуда. Жолдауда елімізде мобильді және мультимедиялық, нано және космостық технологиялар, робот техникасы саласын, гендік инженерияны дамыту, болашақтың энергиясын жасау міндеті өмірлік маңызы зор міндет ретінде ерекше атап өтілді.

Мұндай күш-қуатымыздың сал­­мақ­тылығы бізге бәсекелестік ар­тықшылық мүмкіндігін бере отырып, елімізді жаһан­дық экономикаға еркін кірігуге жағдай жасайтын болады.

Жолдауда көрсетілген маңызды идея­ның бірі Елбасымыз Мәңгілік Ел болу­дың 7 басымдығын атап көрсетті. Бұл жасам­паз идея біздің ортақ тағдырмен, жал­пы­қа­зақ­стандық шаңырақтың ұлттық идея­сы ая­сында ел болашағының іргетасы мен бар­ша қазақстандықтарды біріктіретін бас­ты құндылық екендігі ақиқатқа айналған шындық.

Биылғы Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің баянды бола­шағы жолында аянбай бірлесе еңбек ету, еңбектің берекелі зейнетін көру бүгінгі күні әрбір қазақстандық азаматтың қасиетті парызы болып қала бермек.

Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңіріндегі іргелі оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінің ұжымы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын Қазақ­станның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енудегі ұлттық страте­гияның даму жолдарының, қазақ­стандықтардың өмір сүру деңгейінің және экономикалық сапаның қа­лыптасуына зор серпін беретін өз уақытының өскелең құжаты деп қабылдайды.

Қылышбай БИСЕНОВ, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры.
Соңғы жаңалықтар