Бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин саладағы ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасына тоқталсақ, оны іске асыру аясында тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған.
Интернет желісінің ену деңгейі, яғни пайдаланушылардың саны 91-ден 95 пайызға жеткізу, мемлекеттік қызметтерді 9 күннен 5 минутқа дейін қызмет көрсету уақытын қысқарту, бизнестен талап етілетін деректердің 50% онлайн есепке алу, Қазақстан аумағы арқылы «Азия-Еуропа» жалпы транзиттік деректердің трафик деңгейін 3%-дан 8%-ға жеткізу ескерілген. Сонымен қатар IT-экспорты 500 млн АҚШ долларына жеткізу, инновациялық өнім көлемін 1,7-ден 2,5 трлн теңгеге арттыру, коммерцияландыру жобаларының жеке қоса қаржыландыруын 50%-ға жоғарлату жоспарланды. Әр мақсатқа жету үшін тиісті іс-шаралар қарастырылған», деді Б. Мусин.
Ұлттық жоба 10 бағыт және 208 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған. Ұлттық жоба екі блокқа бөлінген:
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ, ол:
– Қызметтерді 5 минут ішінде көрсету;
– IT саласын дамыту;
– Халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет;
– Ыңғайлы өмір сүруге арналған цифрлық құралдарды қолдану;
– Технологиялық және инновациялық бизнесті дамыту;
– Сапалы интернет пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
ҒЫЛЫМ блогы;
– Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
– Елдің дамуына ғылымның үлесін арттыру, яғни ҒЫЛЫМ-ӨНДІРІС-БИЗНЕС принципін қолдану;
– Ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру. Ұлттық жобаны іске асыру үшін 1,4 трлн теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлу талап етіледі.
Оның ішінде цифрландыру және инновацияларға 587,8 млрд теңге және ғылым бағытына 833 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, ұлттық жобаны іске асыру үшін 800 млрд теңге жеке инвестицияны тарту қарастырылған.
«IT саласының дамуы» бағыты бойынша жыл сайынғы экспортты 500 млн АҚШ долларға жеткізу, жалпы 500 млрд теңге инвестиция тарту үшін 100 мың жұмыс орнын құру қарастырылған. Сондай-ақ криптоиндустрияның әлемдік айналымынан кірістің 1%-ын тарту, көрші мемлекеттерге қызмет көрсете алатын DATAHUB құру ескерілген», деді министр.
«Халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет» бағытында:
- мемлекеттік органдардың құжат айналым көлемін 50%-ға төмендету, яғни цифрлық технологияларды пайдаланудың арқасында құжат айналымын қысқарту;
- салалар деректерінің 50%-ын цифрлық форматта есепке алу.
- смартфон арқылы азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара байланысы мен мемлекеттік органдарды бағалау қарастырылған.
«Интернет желісіне ену деңгейінің 95%-ға қол жеткізу үшін мынадай құралдарды енгізу жоспарлануда: төмен орбитадағы спутниктерді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер байланыс қызметтерін субсидиялау, 5G-ді облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда енгізу», деді министр.
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:55
СҚО-да балық аулау тәртібін бұзғандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 18:10
ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:28
Алматыда 36 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:40
Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:55
3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:15
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар