Білім • 21 Қазан, 2021

Мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысы көтеріледі

1644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысы көтеріледі

Бұл «Bilimdi ult» ұлттық жобасы аясында іске асады. Мектептерде мұғалім санатынан бөлек еден жуушы, аспаз, күзетшілердің жалақысын да өсіру қарастырылған. Министр бұл мәселе Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында жүзеге асады деді. Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,1 трлн теңге бөлу жоспарланған. Қазір үш жылдық бюджет бекітіліп жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұл мәселені көтеріп, Үкіметке тиісті тапсырма берді. Бүгінгі күні әріптестеріміз осы тапсырманы орындаумен айналысып жатыр. Әрине Президент берген тапсырма орындалады. Сондықтан жалақысы көтерілуі керек қызметкерлердің санатына мектепте істейтін, мысалы, кітапханашылар және басқа да қызметкерлер кіреді», деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.