Қазақстан • 24 Қазан, 2021

Дамудың сенімді іргетасы

353 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 21 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өтетін осы жылы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға айналды.

Дамудың сенімді іргетасы

Бірлік – басты басымдық

Бірінші кезекте, Кеңестің отырысы Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­шы­лығымен өтті, бұл қазақстандық қо­ғам­ға бірлік, татулық және келісім тақы­ры­бы­ның ішкі саясаттағы басымдығы туралы маңызды белгі болды.

Әрине, Президент Қ.К.Тоқаевтың Ке­ңесте сөйлеген сөзі этномәдени орта мен құзыретті сарапшылар қауымдас­тығында «бірлік пен келісімнің манифесі» ретінде бейресми сипаттама алғаны Қазақстаннан тыс жерде де резонанстық оқиға болды.

Қазақстандағы тұрақтылық пен та­ту­лық қоғамдағы ынтымақтастық пен тең­діктен, өзара сенім мен құрметтен бас­талады, бұл фактіні Қазақстан Президенті ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде тағы да атап өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келі­сімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы мойындады», деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар ол ұлттың шоғырла­нуын нығайтуда Қазақстан халқы Ас­самблеясының қызметі басты рөл атқа­ратынын, ол барлық азаматты ортақ мем­лекеттілік идеясының айналасына бі­рік­тіре алғанын және «мәні жағынан өте күрделі мәселе» – этностық мәселені саясаттандырудың алдын алудың тиімді тетігін құруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ҚХА үшін Мемлекет басшысының «қазіргі этносаясат тек мемлекеттік орган­дар­дың ғана жауапкершілік саласы емес» деген тезисі аса маңызды болды. Бұл сөз­дер Ассамблея қызметінің барлық ба­ғытына, этномәдени бірлестіктерді дамытуды қолдауға, этносаралық келісімді қалыптастыруға және мемлекеттік тіл­ді насихаттауға ғана емес, сондай-ақ қайы­рымдылық, медиация, азаматтық бел­сенділіктің басқа да түрлері саласын­дағы жобаға тікелей қатысты.

Президент Қ.Тоқаев тәуелсіздіктің ал­­­­ғашқы жылдарында көптеген саясаткер мен саясаттанушы біздің мемлекет­ке тұр­­патсыз тағдырды болжағанын ес­ке сал­ды. «Қарапайым адамдар, тіп­ті сарап­шы­лар үшін олардың болжамдары, әсі­ресе, бұ­рынғы Кеңес Одағының кеңіс­ті­гінде бол­ған этнос­аралық жанжал­дар жағдайында нақ­ты болып көрін­ді. Алай­да біз, баршамыз бірлесе, Қазақ­стан­ның біртұтас халқы пес­симистік болжам­дардың дәрменсіздігін дә­лелдей алдық. Жалпыұлттық ынтымақ инс­титуты мен ел бірлігінің символына ай­налған ҚХА-ның маңызы зор», деп атап өтті.

Президент ҚХА-ны патриоттық ұйым ретінде құрметтеуге шақырды. Бұл – Ас­сам­­блеяның рөлін түбегейлі жаңаша баға­лау.

Алайда этностық фактор, ұлтаралық қатынастар дамудың қазіргі кезеңінде, әсіресе, дағдарыс кезеңінде түрлі жанжал­дардың детонаторы болып табылатыны анық, ал оның деструктивті әлеуеті қазір­гі ақпараттық және гибридті соғыстар дә­уірінде, жиі жарияланатын популистік мә­лім­демелерде, алыпсатарлықтарда және ашық аран­датуларда айтарлықтай күшейе түсуде – этносаралық келісім экономикаға, адам­дардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы алда тұрған міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі тиіс деген негізді қорытынды жасады.

ҚХА Төрағасы Кеңес отырысында Ас­самблеяның қызметін негіздейтін бір­қатар басымдықты белгіледі. Бірінші ба­сымдық – теңдік қағидаттарына негіз­делген өңірлік даму. ҚХА түрлі этнос­тар­дың бірігуіне, этностық белгісі бойынша әлеуметтік-мәдени оқшаулау болмайтын орта құруға көп көңіл бөлуге тиіс. Пре­зи­денттің тапсырмасы бойынша бізге осындай оқшауланған этностық аудандар мен орамдардың пайда болу үрдісін еңсеру, сондай-ақ этностық топтардың өкілдері қазақстандық болмыстан алыстайтын «ішкі эмиграция» феноменін еңсеру жөнінде жү­йелі шаралар әзірлеу қажет.

Екінші басымдық – жергілікті атқару­шы органдар жұмысының тиімділігін арт­­­ты­ру. Бұл ретте Ассамблея 2020 жылы ­жер­­­­­гілікті ішкі саясат басқармалары жа­ны­нан құрылған, этносаралық қаты­­нас­тар мәселелеріне жетекшілік ететін бө­лім­дер арқылы жергілікті жерлерде атқару­­шы би­­лік­ті жетілдіруге белсенді түрде ­ық­­­пал етеді. Сонымен қатар аталған жұ­­мыс өңірлердегі «Қоғамдық келісім» ком­му­­налдық мемлекеттік мекемелерінің құры­лымы арқылы жүргізілуде. Президент аталған өңірлік құрылымдардың этнос­ара­лық қатынастар саласындағы жұмы­сына жәр­демдесуді, оларға тән емес функ­циялар­ды жүктемеуді және олардың кадр­лық қам­тамасыз етілуіне назар аударуды тапсырды.

Үшінші басымдық – әлеуметтік, қыл­мыстық, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу. ҚазақсТандағы этносаралық қа­ты­настар мәселелерін саясаттандыруға тал­­пынған жағдайда, Президент осы стра­­тегиялық маңызды саланы дамытуды жіті қадағалайтын биліктің қолында аталған мәселе бойынша барлық мүмкіндік пен тетік бар екенін айқын көрсетті. Бұл рет­те сарапшылық қоғамдастық да, Ас­самблея­ның азаматтық белсенділері де, Қазақ­станның қарапайым азаматтары да Мемлекет басшысының Кеңес отырысын­да этносаралық мәселелердегі жекелеген ­ке­леңсіз құбылыстар мен үрдістерді өз ­атымен атап қана қоймай, сондай-ақ құқықтық салдарға соқтыруы мүмкін бо­латын нақты «қызыл сызықтарды» айқын­дағанын атап өтті.

Қазақстан Президентінің «осындай күрделі және өзекті мәселелер туралы ашық, нақты айту қажет. Әйтпесе, біз туын­даған мәселелердің күрделілігін нақты бағалай алмаймыз» деген сөздерін дәл осын­дай мәнмәтінде ұғыну қажет.

Мемлекет басшысы мемлекет этнос­тар­­дың әлеуметтік-экономикалық интег­рациясы саясатын нысаналы түрде жүргі­зіп, жанжалдарға ұласпау үшін осы не­гіз­дегі кез келген текетірестің жолын ке­се­ті­нін айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы «этностық менмендіктің барлық көрінісіне, олар кімнен шықса да, кез кел­ген белгі бо­йынша кемсітуге, осы негіз­де қоғамдық тәртіпті, жалпы ішкі тұрақ­тылықты бұзуға тырысуға заңға сәйкес қатаң түрде тойтарыс беру қажет» деп атап өтті. Тиісінше, мемлекеттік органдарға «қызыл сызықтар­ға» қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді –  ішкі істер органдары мен прокуратура үшін этностық және діни негіздегі жанжалдар­ға мүлдем төзбеушілік болуы тиіс, ал бар­лық деңгейдегі әкімдіктерге азаматтар­дың құқықтарының этностық немесе тіл­дік негізде бұзылуының әрбір жағдайы бо­йынша алдын алу және ақпараттық жұ­мыс жүргізу тапсырылды. Жалпы алған­да, Мемлекет басшысы осы мәселе бойын­ша «біз Қазақстандағы этносаралық тату­лық пен келісімді тұрақсыздандыруға бағытталған ел ішіндегі, сондай-ақ шетелден келген кез келген іс-әрекетке та­бан­ды түрде қарсы тұратын боламыз» деген ұстанымын қорытындылады. Пре­зидент айқындаған «қызыл сызықтар» мәнмәтінінде Ассамблея ұлтаралық және өзге де алауыздықтың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтетін болады.

Сонымен қатар ҚХА этномедиация бағытын дамытатын болады, оның ішінде этностық сипаты бар жанжалдарды шеше алатын кәсіби келіссөз жүргізушілер дайындаумен айналысу қажет. Президенттің осы бағыттағы тапсырмалары да ауқымды. Бүгінгі таңда барлық өңірдегі Достық үй­лерінің жанында 17 арнайы медиация кабинеттері жұмыс істейді, олар ха­лық­пен жұмыс істеу үшін 341 диалог алаңын ұйымдастырды. ҚХА тізілімінде 2 097 медиатор бар. Олардың жұмысының тиім­ділігі нақты фактілермен және сандармен расталады. 2021 жылдың 9 айында ғана ҚХА медиаторларына 4 699 өтініш келіп түсті, оның 1 919-ы – медиативтік келісім арқылы және 2 780-і кеңес беру арқылы шешілді. Олардың әрқайсысы – болуы ықтимал болған, бірақ алдын-ала шешілген жанжал. Қазіргі уақытта Ассамблея қоғамдық медиация аясында кәсіби келіссөз жүргізушілер әзірлеу бағдарламасын дайындауда. Жақын арада біз оның жаңартылуын күтеміз, шетелдік тәжірибені ескере отырып әзірленетін жаңа оқыту курсы жоспарланып отыр.

Институционалдық даму тұрғысында

Төртінші басымдық – ҚХА-ны одан әрі институционалдық тұрғыда дамыту. Біз осындай кеңейтілген коммуникация ала­ңы туралы айтып отырмыз және Қазақстан халқы Ассамблеясы өз алаңдарын ұсына­ды және қамтамасыз етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы атап өткен қуатты коммуникациялық алаңдардың бірі – Ассамблея аясында құрылған рес­публикалық Аналар кеңесі. Биыл 21-22 маусымда барлық өңірдегі ҚХА Аналар кеңесінің республикалық отырысы өтке­нін айта кету керек. Қазір облыстық, аудан­дық және ауылдық деңгейлерде 1 832 кеңес жұмыс істейді, олардың құрамына 13 мың­нан астам адам кіреді.

ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт То­қаев­тың тапсырмаларын іске асыру аясында Аналар кеңесінің қызметі тең­дестірілген этносаралық қатынастарды қалыптастыруға бағытталатын болады. Мемлекет басшысы ҚХА Кеңесінің отырысында жергілікті атқарушы органдар­ға республикалық Аналар кеңесіне жан-жақ­ты қолдау көрсетуді тапсырды.

Президент сонымен қатар, қазақстан­дық жастарды қолдау және дамыту мә­се­лелеріне назар аударды. Ассамблея бұл бағытқа да көп көңіл бөледі. Қазір жас буын өкілдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына белсенді қатысуда. Жыл басынан бері 300 мыңға жуық адамды қамтитын, түрлі формат­та­ғы 1 120 іс-шара өткізілді. Ассамблея жас­­та­рын қамтитын 30 волонтерлік ор­та­лық құрылды, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының 2 мың волонтері ресми тіркелді. Көптеген волонтер өз қызметін арнайы құрылған электрондық мекенжайда тіркеусіз жүргізеді, бейресми мәлі­мет­тер мен есептеулер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 10 мыңға жуық волонтері бар. ҚХА «Жаңғыру жолы» жас­тар қозғалысының базасында Jas Otan, «Жарасым», Қазақстан жастар конгресі, «Болашақ» қауымдастығы, «Жас ұлан» ұйымы, Қазақстан студенттері альянсы және Қазақстан КТК одағы сияқты жастар ұйымдарының басын қосқан Big 7 жобасы іске асырылды. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мем­­­лекеттік жастар сая­саты жүйесіне берік енгізілген – оның облыстардың, қа­лалар мен аудандардың әкімдіктері жа­нындағы Жастар ісі жөніндегі 218 ке­ңес­пен, сондай-ақ өңірлердегі 209 жастар ресурстық орталығымен өзара іс-қимы­лы жолға қойылған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және об­лыс­тар­да «Жаңғыру жолы» өңірлік штаб­тары құрылды. «Жаңғыру жолы» РЖҚ құ­ра­мында 6 мыңнан астам адам бар. Атал­ған қозғалыс қазақстан­дықтардың жа­ңа буы­­нымен жұмыс істеуде үлкен рөл атқарады.

Бесінші басымдық – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды қол­дау бойынша Ассамблея құралдарын да­мыту. Ассамблея Төрағасы осындай бас­тама­лар­ға Ассамблеяның «қоғамдық» немесе «халықтық» жобасы мәртебесін, ал олардың авторларына ҚХА жобасының ресми басшысы мәртебесін беруді ұсынды. Бұл рет­те Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігі мен жергілікті әкімдіктер Ассамблея құрылымдарының жұмысын жалпыұлттық ауқымды және халықты барынша қамтитын республикалық «өт­пелі» жобаларын іске асыруда қолдауы тиіс. Бұдан басқа, Кеңес отырысында белгіленген басымдықтарға сәйкес ҚХА Достық үйлерінің қызметін қай­та қарайтын болады, олар ҚХА-ның әлеуметтік маңызды бастамалары үшін жобалық кеңселерге айналады. Ассамблея мүшелерінің жобалары мен бастамалары бар. Мысалы, ҚХА Аналар кеңесінің желісі бойынша ғана «Бақыт – отбасынан басталады», «Зорлық-зомбылықтан қалай сақтанамын», «Ме­нің балам – менің басты жауапкершілі­гім», «Егер балаңыз интер­нетке тәуелді бол­са, оған қандай көмек көрсе­те аласыз», «Әлеуметтік желідегі қауіпсіз­дік», «Ана-медиатор», «Тұрмыстық және от­ба­сылық қатынастар саласындағы медиация» тақырыптарындағы республикалық жобалар іске асырылуда.

Мемлекет басшысы «халықтық дипломатияны» да, оның ішінде қазақстандық этностардың тарихи тегі шыққан елдерімен байланысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Қазақстандық корейлер, немістер, венгрлер, әзербайжандар, орыстар және украиндар Қазақстанға инвестициялар мен технологиялардың трансфертін қам­та­масыз етумен қатар, біздің еліміз туралы ше­телдерде айтып, шетелдік қонақтарды халқымыздың мәдениетімен таныстырады. Түркия, Ресей, ГФР, Ар­ген­тина және Францияда ҚХА-ның Достық елшілері институты жұмыс істей­ді. Президент атап өткендей, бұл өзара іс-қимыл жан-жақты халықаралық ынтымақтастықты тереңдету бағытында үлкен әлеуетке ие.

Алтыншы басымдық – ақпараттық жұмысқа көбірек көңіл бөлу. Атап айт­қанда, қоғамдағы бірлік пен келісім ахуалын нығайту үшін әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейнехостингтерді барынша тиімді пайдалану жоспарланып отыр. Әкімдер – Қазақстан халқы өңірлік ассамблеяларының төрағаларынан бас­тап Ассамблеяның барлық мүшесі ақпарат­тық кеңістікте белсенді болуға тиіс және еліміздегі бірлік пен келісімге қарсы бірде-бір пікір жауапсыз қалмауға тиіс.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын азаматтармен қарым-қа­тынас жасаудың тиімді құралы – «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің», ең алдымен, жергілікті өзін өзі басқару органдары деңгейіндегі маңызды құрамдас элементі ретінде қарастыратыны қуантады, олармен ынтымақтастық қажет. Мұндай құрал Ассамблеяда бар – бұл қоғамдық келісім кеңестері, еліміздің өңірлерінде, оның ішінде ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде, жекелеген кәсіпорындарда 2 619 кеңес жұмыс істейді. Олардың құ­рамында жергілікті қоғамдастықтардың беделді көшбасшылары – 18 827 адам бел­сенді жұмыс істейді. Осы жылдың 9 айын­да ғана 5 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, олар­­ға 120 мыңға жуық адам қамтылды.

Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істеген жылдары қоғамдық бақылау, ұжымдық медиаторлар функцияла­рын атқарды, жанжалдан кейінгі реттеуге қатысты, төменгі деңгейдегі әкімдерге бюд­жеттерді жоспарлауға және орындауға кө­мектесті. Бұл олардың Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларын орындауға мүм­кіндіктері бар екенін білдіреді.

Кеңес жұмысы Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың XXI ғасырда Ассамблея миссиясы кеңейе түсетінін, Президент Қ.К.Тоқаевтың нақты тапсырмалары мен қадамдарында дәйекті түрде іске асырылатынын көрсетті.

Жетінші басымдық – мәдениеттер диалогы мен жалпыұлттық азаматтық пат­риотизм. Бұл тақырып қоғамда түрлі этностардың тілдері мен мәдениеттерін өз­ара құрметтеуге негізделген құндылықтар мен идеяларды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан халқының айрықша мызғымас құндылығы ретінде жалпыұлттық бірлікті қабылдау арқылы іске асырылатын болады. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы ұлттың жалпыұлттық топтастырушы тарихи санасын қалыптастыру мен дамыту мәселесіне жаңаша көзқараспен қарап, қазақ даласы түрлі елдерден келген көптеген әдебиет пен өнер тарланына шабыт сыйлағанын еске салды. Ұлы жазушылардың, музыканттар мен ғалымдардың тұтас шоғыры өз өмірі мен шығармашылығының маңыз­ды бөлігін Қазақстанмен байланыстырды. Сонымен қатар, ҚХА Төрағасы атап өткендей, Қазақстанда әр кезеңде өмір сүріп, жұмыс істеген мәдениет, ғылым жә­не өнер қайраткерлерінің өмірбаяндары мен шығармалары бүгінде мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларында, сондай-ақ ономас­тикада көрініс табуы тиіс.

Мәдениет интернет желісінің құқыққа қайшы және психологиялық қауіпті кон­тентінің теріс әсеріне қарсы тұруға тиіс және Мемлекет басшысы Кеңесте сөз сөй­леушілердің мұндай ұстанымын толық қол­дады. Қазақстан Президенті балалар бұ­қаралық спортын дамытуға қатысты өзінің тапсырмасын еске салды және балалар халық театрларын ашу идеясын қолдады.

Сегізінші басымдық – этносаралық саладағы ғылыми негізделген тәсіл. Пре­зидент атап өткендей, мұндай тәсіл мем­лекеттік саясаттың басында тұруы керек. «Бұл өте нәзік бағыт дилетанттық пен популизмге жол бермейді. Ел ішін­дегі және одан тыс жерлердегі кез келген арандатушылыққа біз ғылыми факті­лер мен цифрлар тілімен барынша сали­қа­лы жауап береміз», деді Қасым-Жо­март Тоқаев Ассамблея Кеңесінің оты­ры­сында. Президент Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігіне жыл сайын интеграцияның, жалпыұлттық бірліктің, этносаралық қатынастарды үйлестірудің өзекті тақырыптары бойынша зерттеулерді қаржыландыруды көздеуді тапсырды. Президенттің тапсырмасы бойынша құ­рылған Қолданбалы этносаяси зерттеу­лер институты этносаралық қатынас­тар мәселелері бойынша Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік консалтингтік ор­­та­лыққа айналды. Оның активінде ағым­дағы жылдың өзінде этносаралық тақы­рып бойынша 3 ірі зерттеу жүргізілді. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанның этностық топта­ры­ның әлеуметтік-мәдени және этнопси­хологиялық портреті әзірленді, олардың мінез-құлқының ерекшеліктері зерттел­ді, Елдегі оралмандарды бейімдеу жөнін­дегі мемлекеттік саясатты іске асыру шең­­­беріндегі міндеттерді шешу бойынша нақты шаралар әзірленді, сондай-ақ ел бойынша этносаралық ахуалдың серпіні айқындалды және негізгі өзекті мәселелер анықталды. Институт сарапшылары этносаралық мәселелерге терең далалық зерттеулер жүргізу үшін ел өңір­леріне мониторингтік сапарлар жасайды. Мониторингтік сапарлар қорытындысы бо­йынша өңірлердегі этнос­аралық саладағы әлеуметтік шиеленіске соқтыратын анық­талған алғышарттар, сондай-ақ этнос­аралық жағдайдың дамуына теріс әсер ететін нақты проблемалар негізінде тиіс­ті практикалық ұсынымдар әзірленді, өңірлердегі ахуал туралы талдамалық есеп­­­тер дайындалды. Талдамалық тұжы­рым­­дар мен ұсынымдар Президент Әкім­шілігінің,  Премьер-Министр Кеңсе­сінің басшылығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне жіберілді. Со­нымен қатар осы зерттеулердің нәти­же­лері мен олардың  қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстардың елеусіз қалмауы, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процесінде практикалық іске асырылуы аса маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы өңірлердің әкімдеріне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастардың дамуын талдау және болжау саласындағы ұсынымдарын, дағдарыс­тық жағдайларға ден қою алгоритмдері мен құралдарын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

ҚХА Төрағасы атап өткендей, этностық саналуандық Қазақстанда тәуекел факторынан – сөзсіз артықшылыққа, ал мәде­ниеттердің өзара кірігуі біздің әлеуетімізді бірнеше есе арттырып, ұлттық кодтың бір бөлігіне айналды. Ендігі міндет – мем­ле­кетіміздің ғана емес, қоғамның және әрбір азаматтың міндеті – біздің бай мәдени мұ­рамыз бен жалпыұлттық бірлігімізді сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.

Кеңес отырысы Ассамблеяның ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының өмірінде­гі маңызды саяси алаңға және кезеңдік оқи­ға­ға айналды. Ол маңызды тұрақтандыру­шы рөл атқарды, этносара­лық қатынастардағы процестерді түсінуге ­және қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан интег­рация саясатына жаңа серпін берді. Әрине, ол барлық деңгейдегі мемлекеттік органның, аза­маттық қоғам институттарының бірлікті, татулық пен келісімді нығайту жөніндегі, тұрақтылыққа, болашаққа деген сенім­ділікке және еліміздің азаматтарының әл-ауқаты үшін жағдай жасауға бағытталған орасан зор мазмұнды жұмысының бас­тауы болды.

 

Марат ӘЗІЛХАНОВ,

ҚХА Төрағасының орынбасары,

Қазақстан Президенті Әкімшілігі

ҚХА Хатшылығының меңгерушісі