Аймақтар • 25 Қазан, 2021

Сот шешіміне бағынбаған Өзбекстан азаматтары ұсталды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот шешіміне бағынбаған Өзбекстан азаматтары ұсталды

Олардың бірі - Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жыл басында ҚР ӘҚбК-нің 517 бабы 4 бөлігі 5 жыл мерзімге ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1984 жылы туған А.есімді азамат.

«Алайда, бұл талапты құқық бұзушы орындамады, содан кейін сот Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарумен қозғалыс еркіндігіне шектеулер қолдану туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін қабылдаушы 235 адам жауапкершілікке тартылды, ал, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды», деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Келімсек» алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның алты күнінің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1 мың 036-сы - шетел азаматтары. 58 шетел азаматы елден шығарылды.