Оқиға • 26 Қазан, 2021

Әсерлі «Әдебиет курстары»

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен «Қазақстан жастарының конвенті» ұйымы жас ақын-жазушыларды қолдау мақсатында әдебиет курстарын өткізуде.

Әсерлі «Әдебиет курстары»

Ұйымдастырушылар­дың ай­­туын­ша, «Әдебиет курстары» жо­­басы қазақ хал­қының ғасыр­лар қой­науынан ұрпаққа жет­­­кен рухани және мәдени мұра­­сын, сөз өнерiнiң асыл қазына­­­сын жастарға жеткізуді көздей­ді. Елі­міздегі жас әдебиет­шілер­дің сапалы білім алуына жағ­дай жа­сауға, жас дарындардың ақын­дық ше­бер­­лігін шыңдауға жәрдемдеспек.

Аталған жоба аясында аға буын әде­биетшілер 35 жасқа де­йінгі ақын-жазу­шыларға онлайн-форматта бір айлық тегін курс өткізуде. Қазанның 7-сі мен 30-ы ара­лығында, күніне 4 са­ғат есімі елге бел­гілі әдебиет майталмандары жастарға лек­­ция оқиды. Атап айтсақ, Мем­лекеттік сыйлық­тың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, фило­логия ғылымдарының докто­ры, алаштану­шы Тұрсын Жұртбай, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқа­нова, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның лау­реаты, ақын Дәулет­керей Кәпұлы, фило­­логия ғы­лымдарының докторы, ақын Жа­нат Әс­кербекқызы, сыншы Аман­гелді Кеңші­лік­ұлы, жазушы Қуаныш Жиенбай, ақын Ұлар­бек Нұрғалым бастаған басқа да зиялы қауым өкілдері жобаны кеңінен жүзеге асыруда.

«Қазіргі жастардың ынта­сы өте жоғары. Оларға ба­ғыт-бағдар беріп, пікірталас ұйым­­дастырдық. Жас әдебиет­ші­­лер­дің сұрағы көп болды. Бар­­лық сұрақтарына өзім­нің зерт­­теулерім шеңберінде, жаз­­ған кітаптарым бойынша жауап бер­дім. Айтыс пен қа­ра өлең­нің тегі бір. Оның айыр­­­­ма­сын, поэзияның ерек­шелік­терін, айтыс­тың ерек­ше­ліктерін айта отырып, олар­дың мәтін­деріне талдау жа­са­дық. Бұл ретте курстардың пайдасы зор. Әсіресе жастар­дың шығар­машылық деңгейін кө­тереді», дейді Серікзат Дүй­сенғазы.

Биыл тұңғыш рет қолға алын­­­ған «Әде­биет курстары» жобасы бұдан әрі дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл мемлекеттің әде­биет саласына, соның ішінде темірқанат қаламгерлерге деген үлкен қамқорлығы болмақ.

«Әдебиет курстарын бір айға жуық бол­ды, күн үзбей тың­­­­­дап келемін. Бұл менің бі­лі­мім­ді жетілдіріп, әдебиетке де­­ген қы­зығушылығымды арт­тыр­ды. Ғалым, ақын, драма­т­ург, этнографтардан түр­лі ба­­ғытта дәріс тыңдап, ой-өрі­сіміз кеңейе түсті. Бұл он­лайн дәрісті алыс аймақтағы жас әде­биетшілерге деген қам­қорлық деп білемін. Осыны ұйым­­дастырушы аза­мат­тарға алғыс айтамын. Алда осындай ша­ралар молынан болса деп тілеймін», дейді дәріс алу­шы Қабиден Қуанышбай.