Қазақстан • 29 Қазан, 2021

600-ден астам ауылда телекоммуникациялық технология жоқ

986 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмаған. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

600-ден астам ауылда телекоммуникациялық технология жоқ

«Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмаған. Сондықтан спутниктік байланыс шешімдері осы ауылдардың аумағын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда біз халқы аз елді мекендер туралы айтып отырмыз. Осыған қарамастан, ауылдарға заманауи байланыс жүйесін тарту - маңызды мәселелердің бірі», деді Мәлік Олжабеков,

Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы үшінші рет өтіп жатыр. Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновациялар және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын таныстырды. Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 70-тен астам спикер - халықаралық және Қазақстандық IT-қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйлейді.

Елімізде үшінші рет өтіп жатқан Digital Bridge алаңында дәстүрлі түрде Astana Hub Battle-де технологиялық стартаптар жарысуда, ал ең мықты IT-компаниялар Astana Hub Awards сыйлығы аясында марапатталатын болады. Биылғы жылы іс-шаралар гибридті форматта өтеді – бірқатар ресми іс-шаралар офлайн режимде өтсе, форумның негізгі бөлігі онлайн нұсқада ұсынылады, оған кез келген адам қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20