Қазақстан • 03 Қараша, 2021

Бала құқығын қорғау – жауапты міндет

374 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің кәмелетке толмағандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында адам құқықтарын бұзушылықтар орын алған. Тарата айтар болсақ, Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының, сарапшылардың, құқық қорғаушылардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің жинақталған баяндамасының таныстыру барысында кәмелетке толмағандарға әлеуметтік қызмет көрсету және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жағдайлар талқыланды.

Бала құқығын қорғау – жауапты міндет

ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшесі Лаура Ақатаева атап өткен­дей, 2019 жылғы мониторинг қоры­тындысы бойынша жабық типті бала­лар мекемелерінің 50%-ға жуы­ғы жарамсыз және олардағы бала­лардың қажеттіліктеріне сәйкес кел­мейді. 2020 жылы бұл көрсеткіш мекеме­лердің шамамен 30%-ына әсер етті.

2019 жылы ҰАТ қатысушылары анықтаған негізгі түйткілді бағыт­тарға адамның қадір-қасиетін сақтау, көз­делген заңды құқықтарды іске асы­ру, сондай-ақ медициналық кө­мек көрсету сапасы мәселелері кірді.

Спикер нақты мысалдармен меке­мелердің осы түрі түріндегі проб­лемалық аймақтардың кең спектріне назар аударды. Атап айтқанда, ба­ла­лардың психоәлеуметтік, білім беру және педагогикалық қызметтермен толық қамтылмауы, балалардың таза ауыз суға еркін қол жетімсіздігі, бала­ларды тасымалдау үшін арбалар мен катал­калардың болмауы байқа­лады.

Медициналық қызмет көрсетуге қатысты ҰАТ қатысушылары меди­ци­налық карталарды дұрыс жүргіз­беу, анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету үшін шокқа қарсы төсемнің жинақталмауы, дәрі­лік заттарды сақтау мерзімінің асып кетуі, қажетті дәрілік заттардың бол­­мауы сияқты бұзушылықтарды анық­тады.

Адами ресурстарға қатысты мәсе­лелер де бар. Мәселен, «Аяла» Талғар АӘҚКО-да паллиативтік-дағдарыстық топтағы балалар (84 баланың 41-і, яғни жалпы санының 50%-ы) психолог, дефектолог, дене­шынық­тыру терапиясы, логопед қыз­меттерімен қамтылмаған. Маман­дар балаларды түзеу және әлеуметтік қызметтермен 100% қамтудың жоқ­ты­ғын палаталардың дайын болмауы­мен түсіндіреді.

ҰАТ қатысушыларының бала­ларға психотроптық препараттарды шамадан тыс тағайындау тәжірибесі де ерекше алаңдаушылық туғызды.

2020 жылғы мониторинг нәтиже­леріне келетін болсақ, Л.Ақатаева атап өткендей, жалпы қазіргі мәсе­лелер 2019 жылдың көрінісіне ұқсас және негізінен медициналық көмек көрсету және адамның қадір-қасие­тін сақтау мәселелеріне қатысты. Сон­дай-ақ спикердің айтуынша, тұр­ғын үй жағдайына қатысты ескерту­лер саны артты: үй-жайдың сани­тарлық жағдайын бақылаудың төмен дең­гейі, жатын бөлмесіндегі кере­уеттердің көп болуы, жұмсақ мүкәм­малдың (матрастар, жастық­тар), бөл­ме және серуендеу арбалары­ның қана­ғаттанарлықсыз жағдайы. Кей­бір мекемелерге арнайы барып, бала­лармен әңгімелесу нәтижесінде қыз­меткерлердің дене және психо­логиялық зорлық-зомбылық факті­лері анықталды.

«Сонымен қатар құқық бұзу­шылар тобын әдіскерлер, дәрігерлер мен тіпті директорлар құрайды. Егер баланың өзі өтінбесе дәрі­герлер емдеу­ден, егер балалар түн­гі уақыт­та түнгі кезекшілерге жү­гінсе, кө­мек көрсетуден бас тартты. Со­ны­мен қатар әңгімелесу бары­­сында балалар қызметкерлер түн­гі уақытта ішімдік ішетініне ша­ғым­данды. Сапар барысында ҰАТ қаты­сушылары шкафтардың бірінде бос спирт құйылған бөтелкелерді тап­ты. Палаталардың санитариясы мен гигиенасының деңгейі тө­мен. Көптеген қызметкерлер өзде­рі­­нің функционалды жұмысына немқұрайды қарайды», деді Лаура Ақатаева.

Айта кетейік, Қазақстанда іске асы­рылуын БҰҰ ДБ-ның қолда­уы­мен Қазақстандағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл жүзеге асыра­тын ҰАТ қатысушыларының монито­рингтік сапарлары балаларды жабық мекемелерде олардың құқықтары бұзылған кезде көмектесуге және қорғауға, проблемаларды анықтауға және заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуге, сондай-ақ балалар мекеме­лерінің жұмысын жетілдіру бойынша басқа елдермен бөлісуге болатын озық практиканы әзірлеуге арналған.