Әлем • 12 Қараша, 2021

Соғыс Сирияға 23,5 миллиард доллар залал келтірген

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирияның Индустрия министрі Зияд Саббаг соғыс жылдарында Сирия өнеркәсіп саласына келтірілген залал 23,5 миллиард доллардан асқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соғыс Сирияға 23,5 миллиард доллар залал келтірген

«Соғыс басталғаннан бері Сирияның мемлекеттік және жеке секторына келтірілген залал 23,5 миллиард доллардан асты», деп мәлімдеді ол. Бұл тек 2019 жылдың қорытындысы туралы мәлімет екен.

Министрдің айтуынша, көбінесе мұнай саласының өнеркәсіптік нысандары бұзылған.

«Сонымен қатар стратегиялық маңызы бар және азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді өндіруге бағытталған өнеркәсіптік нысандардың да талайы қирады», деп жалғады ол өз сөзін.

Саббаг тоқыма өнеркәсібіне, ең алдымен Алеппо провинциясына айтарлықтай залал келтірілгенін, онда жеке және мемлекеттік зауыттар толығымен жойылып, террористер тонағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді.