
17 қарашада Петропавл теміржол вокзалында Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздың жолаушыларын тексеру кезінде екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткізілген ер адамдардың жеке басын тексеру нәтижесінде олардың Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Мысыр азаматтары екені анықталды.