Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығы партия жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесінде талқыланды.

Кеңеске Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, министрліктер мен зиялы қауым өкілдері, сарапшылар, Кеңес мүшелері қатысты. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан «жеті тұғырдың» маңыздылығына тоқталды. «Елбасы бұл мәселелерді Президент болған күннен бастап үнемі көтеріп келеді. Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама еліміз үшін бір сілкініс болды. Себебі әр адам рухани жаңғыруды өзінен бастау керек. Баланы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, ана тілін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңіруіміз керек», деді Кеңес төрағасы.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар еліміздің басты жетістіктерінің бірі ретінде шекараны толық заңдастырып алғанымызды айтты. «Есін жиып, етегін қымтаған елдің ең бірінші қолға алатын басты мәселесі – шекара шебін бекемдеу болатыны анық. Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ қимылдап, мемлекеттік шекараны шегендеп, халықаралық келісімшарттарды бекітіп алды. Сондықтан Қазақстанның шекара мәселесін шешудегі ең басты нәтижесі – болашақ ұрпаққа бейбіт және тұрақты шекараны қалдыру. Көрші елдермен қалыптасқан жақсы қарым-қатынасты одан әрі дамыту және ынтымақтастықты ұлғайту», деді ол.
Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Дихан Қамзабекұлы «Нұрсұлтан Әбішұлы «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің «жеті тұғырын» есімізге салды. Олар: тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм. Елбасы мұны «Елдіктің жеті тұғыры» деп атады. Әлбетте, бұл тұғырды тиянақтау мен тұлғаландыру – жаңа буынға аманат. Білім және ғылым саласының алдында зор мемлекеттік және қоғамдық міндеттер тұр. Мұны кезең-кезеңмен, жүйесімен орындауда намысты, жауапты азаматтар аянып қалмайды деп ойлаймыз», деді ғалым.
Сенатор Динар Нөкетаева «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауадай қажет құндылық деп атады. «Тәуелсіздік жылдарында 1,5 мыңнан астам жаңа мектеп салынды. Әлем стандарттарына сай келетін Назарбаев Университеті мен 21 Назарбаев зияткерлік мектебі құрылды. Тәуелсіздік жылдарында білім мен ғылымды одан әрі дамытудың берік іргетасы қаланды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Елбасы бастамасымен құрылып, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері осы бірегей стипендия бойынша көптеген қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жалпы алғанда Елбасы санамалап өткен бұл құндылықтар әрбір жастың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты қағидаларына айналуға тиіс», деді ол.
Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова қағидаттар жиынтығында айтылған «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» бөліміне қатысты өз ойын ортаға салды. Қазақстанның ертеңгі келбеті қандай болатыны бүгінде әрбіріміздің отбасымызда тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздарымызға байланысты деген ол, еліміздің әрбір ауданында Отбасын қолдау орталығын ашу керек деп есептейді.
Елбасының «Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы» деген сөзімен Нұр-Сұлтан қаласындағы Түрік этномәдени орталығының төрағасы, Miras республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Әскер Пириев те толық келіседі. «Естеріңізде болса, 90-жылдардың басында әлемнің көптеген елінде этносаралық, дінаралық қақтығыстар болды. Сол кезде Батыстың және Еуропаның көптеген саясаттанушылары, жазушылары, «философтары» шыны керек, Қазақстанның келешегіне күмәнмен қарады. Ал 1995 жылы Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты – жалпы қазақстандық этносаралық келісім моделін көрсету. Расында осы модель жаңағы айтылған түрлі гипотезаларға ғажап жауап болды деп есептеймін. Елбасымыз «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін» деп айтып еді. Менің айтарым, қазақ пен қазақ қана емес, Қазақстанның әрбір азаматы бір-бірімен қазақша сөйлесуі керек және әрбір азаматымыз бұл менің елім, менің тілім дейтін заман келді», деді Ә.Пириев.
Aiqyn газетінің бас редакторы, Nur Otan партиясы жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Нұрмұхамед Байғараев: «Бұл – Елбасы осыған дейін жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы. Мұндағы соңғы алтауы ең алғашқы қағида Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған деп ойлаймын. Өйткені Тәуелсіздік жоқ жерде, жоғарыда айтылғандардың ешбірі болмайды. Ал қандай да бір халық, өзінің болашағы үшін саяси шешім қабылдауда стратегиялық бағыт-бағдарын белгілеуде еркін болмаса, онда толыққанды мемлекет жайлы сөз қозғау мүмкін емес», деді ол.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева Елбасының саясатындағы қазақ руханиятын жаңғырту үшін жасалып жатқан барлық іске ұлтын сүйетін әрбір азамат өз үлесін қосуы керек деп есептейді. Елбасы жария еткен қағидаттарға үн қосқан кәсіпкер Талғат Дүйсекеев прагматизм принциптері бойынша еліміздегі әрбір адам өзінің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс дегенді алға тартты. Ал тревел-блогер, азаматтық журналист, Miras республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Яков Федоров еліміздегі этносаралық бірлік пен келісімнің маңыздылығына тоқтала келе, қазақ мәдениеті, қазақ тілі біріктіру құралы болуға тиіс деп қадап айтты. Сонымен қатар осы жиында Алматы қаласы Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің төрайымы Қарагөз Сүлейменова, Солтүстік Қазақстан облысы Miras аймақтық кеңесінің төрағасы Біржан Жалғасбаев, Шығыс Қазақстан облысы Miras аймақтық кеңесінің төрайымы Айгүл Байжанова сөз алып, «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар