Коронавирус • 09 Желтоқсан, 2021

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа қайта өтті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа қайта өтті

«Қызыл» аймақта: Ақмола облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Ақмола облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын.