Ғылым • 12 Желтоқсан, 2021

Медициналық қалдықтарды жоюдың жолын тапты

1060 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың бірегей әдісін ойлап тапты. Отандық ғылыми зерттеушілер әзірлеген қалдықтарды қайта өңдеудің плазмалық технология­сы мен плазмохимиялық реактордың әлем бойынша баламасы жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Медициналық қалдықтарды жоюдың жолын тапты

Отандық зерттеушілердің ғы­лыми жұмысы арна­йы патенттермен қор­ғал­ған. Ғылыми патент – био­ме­дициналық қалдық­тар­ды жоюдың иннова­циялық әді­сін әзірлеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің ғалымдарына тиесілі.

Қалдықтарды жоюдың плаз­­малық техно­логия­сы­ның біре­гей­лігі оның био­ме­дициналық қалдықтарды толық термиялық залал­сыз­дандыруға мүмкіндік бе­ре­тінінде болып отыр. Бірегей технологияның нәти­жесінде өңдеу тиімділігі артып, процеске энергия аз шығындалады. Аталған технология биомедициналық қалдықтарды сұрыптаусыз қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу инс­титутының бөлім меңгерушісі Александр Устименко: «Қал­дық­тарды жою­дың плазмалық әдісінің қолданыстағы техноло­гия­лардан басты айыр­ма­шы­лығы – жоғары темпера­ту­ра­лы плазмалық алау­дың пайдаланылуында. Бұл кез келген органикалық және бейор­га­никалық қосы­лыс­тар­ды ыдыратады. Сонымен қатар плазмадағы күрделі қосылыстардың жойылуы­ от­тегісіз тиімді жүреді. Ме­ди­­­циналық қалдықтарды жағу әдіс­терімен салыс­тыр­­ғанда плаз­малық ыдырату тех­но­ло­гия­сы­ның бірқатар маңыз­ды артық­шылығы бар. Атап айт­сақ, реактор көлемінің жоғары өнім­ді­лікпен 6-8 есе азаюы, қажетті өндірістік үй-жайлардың ауданын қыс­­қарту, бөлінетін газдар көле­мі­нің тәртібін төмен­дету. Плаз­мо­химиялық реак­тор­дағы қалдықтарды өңдеу 2000 К де­йінгі температурада жүреді. Бұл минералды қалдықтың еруін жақ­сартады және улы ком­по­ненттердің пайда болуына жол бермейді», деді.

Айта кетейік, COVID-19 ін­детіне байланысты Қазақ­стан­да және жалпы әлем бо­йынша биомедициналық қалдықтардың көлемі артты. Медициналық мас­калар, қолғаптар, бахилалар, қорғаныс комбинезондары және басқа да медициналық құралдарды пайдаланғаннан кейін қалған қалдықтарды жою мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Инфек­ция­ланған жоғары уытты медициналық қалдықтар адам денсаулығы үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті. Осыған байланыс­ты қазақстандық ғалымдардың ізденісі үлкен нәтиже берді. Енді елімізде медициналық қал­­­­дықтарды қайта өңдеудің ең тиімді және экологиялық әдісі бар.