Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021

Есірткі сатып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі әзірлеп, интернет арқылы сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі сатып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Полицияның мәліметінше, интернет-дүкеннің 29 жастағы иесін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер ұстаған.

Ұсталған адамның есірткі сату арқылы ақша тапқаны анықталды. Ол есірткіні өндіру мен таратудың толық процесін ұйымдастырды. Ол үшін ер адам Петропавлдан пәтер жалдаған, ал есірткінің тасымалымен ерлі-зайыптылар айналысқан. Бұған дейін ерлі-зайыптылар бұзақылық пен ұрлық үшін сотталған.

«Интернет-дүкен бірнеше ай бойы синтетикалық заттардың саудасымен айналысқан. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ол полицияның назарына ілігіп, жойылды. Тінту барысында жалдалмалы пәтерден алмалы-салмалы таразылар, есірткі өндіруге қажетті жабдықтар, буып-түю материалдары, химиялық реагенттер, сатуға дайындалған 250 грамм спайс пен синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын 150 грамм концентрат тәркіленді», деп хабарлады СҚО ПД.

Ұйымдастырушыдан ұялы телефондар, қосымша sim-карталар, есірткілерді жеткізу адресаттары туралы және олардан түскен ақша аударымдары туралы жазбалар алынды.

«Заңсыз айналымға қатысушылардың барлығы ұсталды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындағаны, сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық істер қозғалды», деп толықтырды СҚО ПД.