Білім • 11 Қаңтар, 2022

Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

«Сөзсіз басымдық - сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Мұғалім – мектептің жүрегі». Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.