Коронавирус • 14 Қаңтар, 2022

«Қызыл» аймаққа тағы үш өңір қосылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның тағы үш өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Олар Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймаққа тағы үш өңір қосылды

Сонымен «қызыл» аймақта Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасса, «сары» аймақта Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары тұр. «Жасыл» аймақта Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалды.