Ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасындағы айырмашылықты қысқарту мақсатында ауылды аймақтарға кадр тартып, қосымша қаржы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарауды алға тартты.
«Педагогтерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында әкімдіктер мен Білім министрлігі кадр тапшы өңірлерге ұстаздарды тарту үшін қосымша ақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеу жөніндегі шараларды қарастырған жөн. Жақын орналасқан мектептен тыс ұйымдарды тегін мектеп үйірмелерін, спорт секцияларын, аула клубтарын көбейту жұмысын жүргізу қажет. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін реформалауды жалғастыру керек. Оның сапасын, тәсілдері мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін түбегейлі өзгерткен жөн», деді Әлихан Смайылов.