Аймақтар • 14 Наурыз, 2022

Садақшылар сайысы

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында садақ атудан өткен республикалық турнирде еліміздің түпкір-түпкірінен келген 150 өрен мергендік сынына түсті. Ал жарыс болса, олимпиадалық фита, түріктің пута және қазақтың жамбы нысана түрлері бойынша өтті.

Садақшылар сайысы

Турнирдің төрешісі, садақ атудан ел чемпионы Айым Тілеп­берген аталған спорт түрі­нің соңғы екі-үш жылда серпінді түрде дамып келе жатқанын айтады.

– Бұл турнирге қатысушылар санының көп болғаны бізді қатты қуантты. Жалпы, балалар спорттың бұл түріне зор қызығушылық танытып жүр. Садақ атуға  деген құлшыныстары керемет. Ал жарыс болса, жеті жастан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында төрт топ бойынша ұйымдастырылды. Турнирде тартысты бәсекелер 10-12 жас санатындағы жасөспірімдер арасында өтті,  – дейді А.Тілепберген.

Қыздар және ұлдар арасын­дағы республикалық бірінші­ліктің қорытындысы бойынша Алматы, елорда және Маңғыстау облыстарының жас садақшы­лары тәуір нәтижелерге қол жет­кізді. Ал Қарағанды облысының балғын мергендері болса, намыс­ты қолдан бермей, екі алтын, бір күміс және төрт қола жүлдені жеңіп алды.

 

ҚАРАҒАНДЫ