Пікір • 31 Наурыз, 2022

Алға қойылған міндеттер айқын

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы ашық айтты.

Алға қойылған міндеттер айқын

Тарата айтар болсақ, енді басқару­дың суперпрезиденттік жүйесінен президенттік-парламенттік жүйе­ге көшу қолға алынады. Президент, Конституциялық сот, Есеп комитеті, Орталық сайлау комиссиясы партиядан тыс болады, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқармайды. Президент тумаластары мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда басшылық лауазымға тағайындалуға заңмен тыйым салынады.

Сондай-ақ Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутаттың орнына 10 депутат тағайындалады және оның бесеуі ҚХА тарапынан бола­ды. Мәжілістегі Ассамблея депутат­тарының квотасы болмайды. Мәжілісте жылына екі рет бюджет бойынша есеп беріледі. Мәжіліс заңды Сенатқа дайындап бермейді, қабылдайды.

Мықты және дербес мәслихат құру маңызды. Облыс әкімдері баламалы негізде (2 адам ұсынылады) мәсли­хаттарда сайланып, ол Президент пәрменімен тағайындалады. Оны жұмыстан алып тастау Президент құзырында болады. 

Мәжіліс пропорционалды-мажо­ритарлық, яғни 70% партиялық тізім­мен, 30% тікелей дауыс берумен сай­ланады. Бұл өңірлерден тәуелсіз тұл­ға­лардың Парламентке сайлануына мүм­кіндік береді.

Бүгінгі қоғамымызда партиялық жү­йені жетілдірудің маңыздылығы анық көрінуде. Осы ретте жаңа партияны тіркеу үшін 5000 адамның мүшелігі жет­кілікті болады. Сайлау үрдісін жаң­ғырту, сайлаушылардың бірыңғай базасын жасақтау, орталық және аумақ­тықтық сайлау комиссияларының кәсіби түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бақылаушылардың жұмысын жетіл­діру, оларға өз қызметтерін іске асы­ру үшін қолайлы жағдай жасау, сай­лау үрдісіне шетелдердің ықпалын болдырмау мәсе­лелері өте маңызды.

Азаматтардың конституциялық құқы­ғын лайықты сақтау көптен бері қозға­лып келе жатқан мәселелердің бірі еді. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету мақсатында Конституциялық сот құрылады. Бас прокуратура құқық қор­ғау органдарында болатын заң бұзу­шылықтарға қадағалау жасауға жа­уапты орган болып бекітіледі. Тұрмыс­тық-отбасылық мәселелерді құқықтық жағынан оңтайландыру, жетілдіру Бас прокуратураға тапсырылды. Алқа билер соты басқа да істерді қарайтын болады.

Бұдан бөлек, БАҚ-тың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру, азаматтық қоғам­­ды дамыту ісіне ерекше көңіл аударыл­мақ. Осы орайда БАҚ жұмысы­ның аясын кеңейту үшін БАҚ туралы заңды қай­та қарау маңызды. Сондай-ақ Ұлттық құ­рыл­тай құрылатын болады және оның құ­ра­мына депутаттар, ҚХА өкілдері, қоғам белсенділері кіреді.

Сонымен қатар Жолдауда жерг­і­лік­ті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, мәс­ли­хаттар құзыретін арттыру, теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін жүйелі түрде іске асыру, жанармайдың бағасын қолжетім­ді бағамен сату, тұрақтандыру қорларына азық-түліктерді сатып алу және басқа да ауқымды мәселелер қам­тылған. Енді осы Жолдауда көрсетілген мін­дет­терді сәтімен еңсеру қажет. Сон­да ғана Жолдау еліміз үшін аса ма­ңызды құжат екені айқындалады.

 

Фахриддин ҚАРАТАЕВ,

Мәжіліс депутаты