Пікір • 07 Сәуір, 2022

Елді өркендетудің тың бағыты

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алған отыз жылдың бедерінде Қазақстан қалыпты ырғақпен дамып келе жатыр. 1990 жылдары Қазақстан мықты мемлекеттік құрылым, сондай-ақ жаһандық әлемде шетелдік инвестициялар есебінен елеулі экономика құра алды. Соңғы онжылдықта бұл процесс біршама баяулағаны рас.

Елді өркендетудің тың бағыты

Елде тек экономикалық емес, сонымен бірге көшбасшылардың саяси шешімдеріне байланыс­ты әлеуметтік проблемалар жинақталып қалған болатын.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңашылдыққа толы реформалар пакеті мемлекетті өркендетудің тың бағытына айналғаны даусыз. Көптеген бастаманы бұған дейін мемлекеттік әкімшілік және ел экономикасын басқарған адамдар қабылдаған жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің реформалар пакетінде президенттік билікті асыра пайдалану мүмкіндігін шектегенді жөн деп тапты. Сондай-ақ ол елді басқаруды жаңа демократиялық заң шығарушы органның қолына бере отырып, шамадан тыс президенттік биліктен бас тартады. Президенттің партиялар құру кезінде кедергілерді жою жөніндегі пәрмені де көңілге қонды. Бұл қадам да Қазақстан халқы тарапынан үлкен қолдау тапқаны сөзсіз. Жаңа партиялық жүйеде әртүрлі әлеуметтік және аймақтық мүдделерді білдіруге болады. Бұл басқаруды біршама қиындататыны анық, өйткені заң шығарушы орган әртүрлі коалициялар құруға мәжбүр болатыны белгілі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан­дық­тардың соңғы 30 жылдағы өзгерістерінде маңыз­ды рөл атқарып келеді. Ол елдің Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан диплома­тия­сының негізін қалаушы болды, премьер-министр қызметін атқара жүріп, елінің экономикалық мүмкіндіктерін көре алды. Ал БҰҰ-дағы маңызды лауазымдарының арқасында ол өз еліне сырт көз ретінде сыншы болды. Саяси реформалар мен конституциялық түзетулер пакетін қабылдау – Қазақстан үшін алға қарай жасалған маңызды қадам. Осы жағынан алып қарағанда Қ.Тоқаевтың бастамалары қолдауға тұрарлық.

 

Янош ХОВАРИ,

Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы өкілі, елші