Пікір • 08 Сәуір, 2022

Еуразиядағы көпір бола алады

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан соңғы екі жылда жүргізілген реформаларды жеделдете отырып және қаңтардағы қайғылы оқиғаны ескеріп, жаңа бағытты ұстануға ниетті екенін анық көрсетті. Реформалар процесі барлық деңгейде, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси салада жүргізілуге тиіс, өйткені қаңтардағы тәртіпсіздіктер жүйе дағдарысы терең екенін көрсетті.

Еуразиядағы көпір бола алады

Кез келген елде елеулі өзгеріс­тер жасау уақытты талап етеді, әсіресе 30 жылға жуық айтар­лықтай өзгеріс болмаған Қазақстан сияқты жас елде бұл аса маңызды. Сондықтан, ең алдымен, халыққа үлгі көрсетіп, өткенге оралуды көздеген кез келген әрекетке қарсылық болатынын биліктегі топтың тұрақтылығы арқылы көрсету аса қажет. Басқаша айтқанда, бұл дәстүр мен прогресті сәтті үйлестіретін мәдени революция болуы керек. Ішкі қауіпсіздік аппаратын жаңарту – кез келген реформаның алғышарты. Егер жағдай қазір қолайлы болса, ресми аспектілерге көп көңіл бөлмей, реформалардан тартынбау керек.

Қазақстанның ұлттық мүддеге негізделген көпвекторлы сыртқы саясаты Батыс пен Еуразиялық блок арасындағы «жаңа қырғи­қабақ соғысқа» тап болған көп­теген басқа елге қарағанда белгілі бір артықшылық береді.

Қазақстан тактикалық барлау арқылы өзге елдермен жақсы қарым-қатынасын Ресей мен Қытаймен бизнес жүргізуді жалғас­тырғысы келетін еуропа­лық және америкалық ойыншылар үшін Еуразиядағы көпір болуға қолдана алады. Сербия мен Түркия қазір осындай «көпір ел» болып отыр, Мажарстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің рөлі әлі анықтауды қажет етеді.

Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел және оның кеңінен бөлінуі әлеуметтік ұйымшылдық пен инс­ти­туционалдық саясатта келі­сімге келуге ықпал етпей қой­майды. Бұл сонымен бірге эко­но­микалық тетіктер мен елді басқаруды тиімдірек етеді. Стра­тегиялық секторларды мем­лекеттің бақылауы және шағын және орта кәсіпорындарды ырық­тан­дыру басты міндет болуға тиіс.

Егер қазіргі ел билігі жария­лаған жаңғыру жоспарын қатаң ұстанатын болса, Жаңа Қазақстанға бетбұрыс болатынына сенімдімін.

 

Стефано ВЕРНОЛЕ,

Еуразия аймағының Геосаяси зерттеулер журналы директорының орынбасары, Еуразия-Жерорта теңізі зерттеу орталығының сыртқы байланыстар жөніндегі директоры (Италия)