Ғылым • 12 Сәуір, 2022

Ғылымның жаққан шырағын

1063 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында «Ғылым саласын дамыту – біздің маңызды басымдығымыз» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ ел Президенті отандық ғылымды ілге­рілетуге бағытталған нақты тапсырма­лар берді. Соның нәтижесінде іргел­і ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржы­ландырылып, ал бұрын грантпен ғана күн көріп келген 2 500-ге жуық ғалым енді тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы алатын болды. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ұлт­тық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бас басылым ұдайы назарда ұстап келеді. Сәй­кесінше, тиісті ведомстволар тарапынан көтерілген мәселелерге назар аударылып, дер кезінде шешімін таба бастады.

Осындай оң өзгерістердің басы-қа­­сын­да ғылымға жанашыр ғалым­дар­­дың өздері жүр. Бұл – айқын да анық дүние. Абай «Ғылым таппай мақ­танба!» деп өсиет етті. Egemen Qazaqstan газетінде ғылымға арнал­ған ма­қалалар топтамасы жиі ұйым­дас­ты­­рылады. Бұл айдарлар аясында ілім із­деген, ғылым тапқан, алайда көп та­нылмаған отандық ғалым­дарды қоғамға үлгі етуде. Тоқса­нын­шы жылдардағы тоқырау кезеңін­де тұра­лап қалған ғылым саласы қазір қар­қын алып келеді. Оған қа­зақ­стан­дық ізденушілердің ғылыми, өнер­­та­­быс жаңалықтары мен халық­ара­лық рейтингтегі беделіне қарап көз жеткізуге болады.

Ғылымның жаққан шырағын

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Бүгін – Ғылым күні. Осыған орай отан­­дық ғылымның кеше­гі­сі мен бүгі­нін бағамдап, бола­ша­ғын болжау мақ­са­тында бас басылымның ғылым­да­ғы кейіп­­керлеріне танымдық шолу жаса­ған­ды жөн көрдік.

Кеше

Бірнеше ғылымның саласын меңгеріп, қаншама ғылыми еңбек жазып кеткен Әл-Фарабиді айтып әріге бармалық. Біз үшін қа­зақстандық ғылымның «ке­ше­гісі» – ел егемендігіне де­йін­гі кезең. Бұл кезеңде өмірге ке­ліп, экономиканың тоқыраған тұ­­сында ғылыммен айналысу – екінің бірі тәуекел ете қой­майтын іс. Олар отандық ғы­лым­ды сақтап қалу деген ауыр мін­детті арқалады. Сондықтан тоқсаныншы жылдары ешбір жалақы берілмесе де ғылымда қалған әр ғалым отандық ғылым­ның іргетасын қалады деуге болады. Ендеше, сол қиын-қыстау кезеңге қарамастан, ғылымнан қол үз­беген­дер­дің ішінде қа­ла­мы­мызға «іліккендерді» тізбе­лей кетейік. Бірақ бұл тізбені толассыз толық­тыруға болатынын, оған оқырман да атса­лыса алаты­нын еске сала кеткіміз келеді. Со­нымен...

Темірғали КӨКЕТАЕВ

Қо­ғам­да­ғы көп жұрттың бірі біл­се, бірі білмес. Алайда оны физика-математика сала­сының әлем­дік ғалымдары жақсы біле­тіні сөзсіз. Өйткені оған 25 жыл бо­йы зерттеп ашқан «Қатты де­не­нің абсолюттік спектроскопия­сы» атты жаңалығы үшін Out­stan­di­ng people of the 20 th century (қа­зақ­шасы: XX ға­сыр­дың көрнекті адамы) атағы бе­ріл­ген. Бұл – бір ғасырда бір-ақ рет берілетін атақ. Осы атаққа оны Жапонияның ғы­лыми инс­ти­туты лайық көріп, кандидат ретінде ұсынған. 5 жыл бой­ғы іріктеудің нәти­жесінде, 1999 жылы физика ғылымын да­мыт­қаны үшін «XX ғасырдың көр­нек­ті адамы» атанды.

п

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ

Иә, бұл ке­йіп­­­­ке­­ріміздің

атын­ ес­ті­­ме­ген көзі­­қа­­­рақ­ты оқыр­­ман кемде-кем шы­ғар. Себебі ол газе­тімізге шық­қан «Тірі вакцина әзірлеп жатқан бізден басқа ел жоқ» деп аталған көлемді сұх­батымызда айтылғандай, Қа­­зақс­танды күрделі, бірақ қа­уіп­­сіз жолды таңдаған жал­ғыз­ мемлекет етіп көрсете біл­ген ғалымдардың жетекшісі ре­тінде танымал. К.Закарья – «Био­логиялық қауіпсіздік проб­ле­малары ғылыми-зерттеу инс­тит­утының» бас директоры, био­логия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сый­лықтың иесі. Кандидаттық дис­сертациясын 1995 жылы Ал­ма­тыда, кандидаттық атағын 2002 жылы Мәскеуде қорғады. 200-ден аса ғылыми жо­ба­ны жүзеге асыруға атсалысып, же­тек­шілік еткен, 10-нан астам ғылыми жаңа­лығына авторлық куәлік алған.

 п

Уалбай ӨМІРБАЕВ

30 жыл­дан бері шешілмей кел­ген жапон ма­­­те­ма­­тигі На­га­та проб­­ле­­ма­сы­­ның тү­йі­нін тар­­қат­ты. Бұл да оған оңай­ға соққан жоқ. Жа­­пондық На­га­та өзінің күр­де­лі проблемалық есебін 1972 жылы құрастырған екен. Осы есепті шешуге әлемнің қаншама ғалымы тырысып көрді. Кейіпкеріміз 10 жылдай еңбектеніп, ма­те­ма­ти­ка­лық жұмбақтың жауабын тапқандай­ болды. Тек жауабы қарама-қай­шыл­ықтарға толы бол­ғандықтан, жұ­мысын қайта қарады. Әлі де піспеген жұмыс екенін анықтаған ол тағы екі жыл еңбектеніп, ақыры Нагата есебінің толық шешімін тапты. Ма­тематика әлеміндегі осындай күрделі есептерді шешкен ең­бектері үшін қазақстандық ға­лым 2007 жылы Американың ма­тематикалық қо­ға­­мы беретін жо­ғары дәрежелі «Мур» сый­лы­ғын иеленді.

м

Жанар ТӨРЕБАЕВА

Алматы об­лы­­­­сы­ның Ше­­­­­­­­­­­лек­­ ауы­­­­лы­нан­­ шық­­­­қан ­­ке­йіп­­­­­­кері­­міз Фран­­­­­­­­ция­­да док­­тор­­лық дә­ре­­­же­­­сін қор­­ға­ды. Ж.Тө­­ре­­бае­ва 1990 жылы Санкт-Пе­тербург­­­тегі меди­ци­на­ инсти­тутының «Пе­диа­­трия» фа­куль­­тетін тәмамдап, бірден елге орал­ды. Сол уақыттағы түрлі ұсы­­нысқа мо­йын бұрмастан Ал­ма­­тыдағы Ғы­лым ака­­­де­­миясына жұмысқа орналасып, сонда жүр­­генде кандидаттық диссертациясын қор­ғады. Ғылыми ортада қызмет ете жүріп, ха­лықаралық жо­баға қатысқаннан кейін, 1999 жылы француз еліне аттан­ды. Ғы­лыми ізденісте жүріп сол елд­е қалып қойды. Кейін Ке­ңес ке­зінде алған дипломы Еуро­па­да жарамсыз болып қалды. Сон­дықтан кандидаттық қорғап қойған кейіпкеріміз интернатурадан қайта өтті. Артынша аспи­ран­тураны бітіріп, 8 жыл дегенде ғылыми дәрежесін қорғап, «Фран­ция медицинасының докторы» атағына ие болды. Осылайша, ол қазақстандық біліммен де Еу­ро­паны бағын­ды­руға болатынын, ал ғылымда шекара болмайтынын, елге еңбек сіңіруге қа­шық­тықтың кедергі келтіре ал­май­тынын дәлелдеді.

п

Бүгін

Осыдан 3 жыл бұрын, яғни елі­­мізде Жас­тар жылы жария­лан­ған­да «Қазақ ғылы­мы қашан жасарады?» деген мақала жаздық. Себебі бүгінгі ғылымды жасайтын – жастар. Ал жас­тар ғылымға баратын жол ашылғанда ғана бет бұрады. Жол ашылды, десек те оның ашылуына да себепкер боған – сол ғылымға құштар жастар. Өздері бірігіп қоғамдық ұйымдар құрды, бір-бірін қол­дай­тын алаң ұйымдастырды, жо­ба­сына демеуші іздеді. Олардың үнін Үкімет те ести бастады. Жоға­ры­дағы мақаладан кейін мақсатты түрде ғылымға қадам басқан зерттеушілердің жұ­мыс­­тарын насихаттауға ба­сым­­дық бердік. Бас басылымға шыққан жас ғалымдардың көбі қазір үлкен мінберлерде ойын айтып, сөзін тыңдата алатын жағдайға жетіп, оң өзге­­ріс­­тер­ге себепші болып жүр. Бұл да бір сең­нің қозғалғаны. Сонымен отан­дық ғылым­ның бүгінгі бет-бей­несі болып жүрген кімдер?

Нұрбол АППАЗОВ

Күріш қал­ды­ғынан бел­сен­дірілген кө­мір мен кремний диок­сидін ал­ған ғалым, химия ғылым­да­рының кан­ди­даты, про­­фессор. Крем­ний диоксиді шыны, керамика, бетон жабдықтары, тіс пастасы, косметика өндірісінде қол­данылады. Әлемде кремний диоксидін алу­дың ғалымдар тапқан бір­неше әдісі мен технологиясы бар. Бірақ осы жолда зерттеу жүргізген бірде-бір ғалым кремний диок­си­дінің 100 пайыз таза түрін ала алмаған. Н.Аппазов өзінің жетекшілігіндегі ғалымдармен бірге осы істе шетелдік ғалымдар «ре­кордын» жаңартты. Ал кейіп­керіміз ойлап тапқан белсен­ді­ріл­ген көмірдің 1 килосы 1000 литр суды тазарта алатын күшке ие. Бұл дегеніңіз – лас суды ауыз су деңгейіне дейін тазартуға болады деген сөз.

п

Бақыт ДҮЙСЕНБАЕВА 

Медициналық орталықта қа­ра­па­йым санитар болып бас­тап, білікті дәрігер деңгейіне кө­т­е­рілген, Орталық Азия бо­йын­ша бірінші болып PhD докторы атағын алған әзірге жалғыз әйел-радиолог. Ол – Ұлттық ғы­лыми кар­дио­хи­рур­­гия орта­лы­ғын­да 3 бір­дей жаңа әдісті қол­да­ныс­қа ен­гіз­­ген ғалым. Елімізде сирек кездесетін компьютерлік то­мография ма­маны. Ден­сау­лық сақтау сала­сының үздігі, үздік шәкірт­тері бар ұстаз. Ең ғажабы, еліміздің демо­гра­фиясына үлес қо­сып, үш ұл, бір қызды өмірге әкелген ана. Осын­шама жауапкершілік жүгін бір­дей арқалаудың өзі үлкен ерлік дерсіз.р

Қайсар ТАБЫНОВ

36 жа­сын­да Білім мен ғылым саласында сапаны бақылау ко­ми­тетінің ш­е­ші­мімен про­фессор атағы бе­­рілген елі­міз­дегі ең жас про­фес­сор­лар­дың бірі. Ол 20 жылға жуық өз тобындағы әріптестерімен бір­ле­сіп құс, жылқы және адамдар­да кездесетін тұмау, бруцеллез секілді жұқпалы аурулар мен қа­уіп­ті вирустарға қарсы 10-нан аса вакцина дайындады. 2008 жылдан бері бір ғана құс тұмауына қарсы жасаған вакцинасының 50 млн-нан аса дозасы өндірілді. Қазір Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы ха­лықаралық вакцинология орта­лы­ғының директоры ретінде СOVID-19 індетіне қарсы екі түр­лі (суббірлік инъекциясы және инт­ра­назальды нановакцина) вак­цина әзірлеумен айналысып жатыр.

р

Анар САНДЫҒҰЛОВА

Ау­тистік спек­тр­дің бұ­зы­луы бар ба­лалармен кор­-

рек­­ция­лық жұ­­мыс іс­тей­тін робот жа­­сап­ шы­ғар­­­­­ған ға­­лым. «Бо­­ла­шақ» бағ­­­­­­дар­­­ла­­­­ма­­сы­­мен Ир­лан­дияның зерттеу бағы­тын­дағы Uni­ver­sity College Dublin ұлттық уни­вер­­си­те­тінде бакалавриатты, магистратура­ны, докторантураны «Компьютерлік ғылым» мамандығы бойынша бітіріп елге келген соң, осы істі қолға алды. Аутистік спек­тр­­дің бұ­зылуы бар балаларды ем­деу­де адам тәрізді (гуманоидты) ро­­боттарды пай­­дала­ну­ды зерттейді. Ба­ла­лар робот­қа құ­мар, сон­дықтан мұны қолдану – адам­ға қа­ра­май­тын аутистерді емдеуде тиімді.

п

Самалбек ҚОСАН

Қауын­нан чип­сы жасаған ға­лым. «Бал­ше­кер» дейтін қа­уынның жа­ңа сортын шы­ғар­ған селекционер, БҰҰ Еуропалық-Эко­номикалық Комиссиясына қауын стандарт­та­рын әзірлейтін Орталық Азия­да­ғы жұмыс тобына мүше әрі Қазақстан бо­йынша төрағасы. Халықаралық тәжірибесінен түйгені, анық көз жеткізгені – Қы­зылорда об­лы­сында өсі­рі­ле­тін қант­ты­лығы жо­ға­ры, кеш пі­се­тін, қытыр­лақ қауындар әлем­де еш жерде жоқ екен. Міне, осы бір табиғат ананың берген ырзығынан балалар мен жастар арасында сұранысқа ие чипсы жасауды қолға алды. Өз ойын іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына жоспарын жіберіп, 2,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қара­жат­қа қол жеткізді. Өнім­нің бір үлгісін жасауға студенттерін тартты. Осылайша, ол шәкірттеріне тәжірибе алаңын ұйымдастырып, жұмыс беріп отыр.

л

Назгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

Қазақстан­да сүт безі қатерлі ісі­гі­нің не­ліктен «жасарып» бара жат­қанын анықтау үшін күр­делі зерт­теу жүргізді. Бұл – атал­ған ауруға шалдыққан жас әйелдер­ден қан алып, адам ДНҚ-сын терең талдап, жан-жақты оқып беретін аппаратқа салып тексеру. Нәтижесінде, қазақ әйелдерінде сүт безі қатерлі ісігінің жаңа, яғни дүние жүзінде кездеспеген мутуациялары табылыпты. Сөйтіп, Н.Айдарбекқызы «Дү­ние жүзіне белгілі мутуация­лар қазақ әйелдеріне сәйкес кел­мейді» деген гипотезаны бұз­ды. Өйткені қазақ әйел­де­рінде әлемге кең тараған му­туация­лар да ке­здескен. Екі жылда бір рет өтетін ТМД ел­де­рі бо­йын­­ша он­кологтарға ар­налған ха­лық­­аралық Жас ғалымдар кон­кур­сында ке­йіп­­керіміздің осы зерттеуі «Ең үздік ғылы­ми жоба» атанды. Енді жаңа мутуацияға скрининг өтуді іске асырмақ.

п

Бақытжан ӘЛЖАНҰЛЫ

Енді әлемде қант диабетінің емі бар. Мұндай жаһандық жаңа­­­­лықты отандық ғалым жаса­ды. Ол 5 жыл бойы І типтегі қант диабетіне қарсы жасушалы терапияның әдістерін жасау жолдарын зерттеді, нәтиже­сін­де қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты. Науқас пациенттердің безіне осы жасушаны транс­план­та­ция­­лау арқылы адам­­ды қант диабетінен емдеуге болады. Өйт­­ке­ні бұл жасу­шаларды транс­план­та­ция­­­­лау ұйқы безі­не инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік бе­ре­ді.

р

Айымгүл КЕРІМРАЙ

Ға­лым­дардың әлем­дік аре­на­да­ғы беде­лі оның халықаралық ғылы­ми журналдардағы рейтин­гі­нен көрінеді. Scopus халық­аралық базасының сарапшысы бізге берген сұх­батында арнайы атап өткен­дей, А.Керімрай – өз сала­сында ең жоғары көрсеткіш­тер­ге ие ғалым. Ол Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің бакалавриатын «Жал­пы физика» мамандығы, Ұлы­­б­ри­та­нияда­ғы Shef­field уни­вер­си­тетінің ма­гис­тратура­сын «Энер­го-ин­же­­нерия» бо­­йын­­ша бітір­ді. 2018 жылы Қа­зақстандағы жылу жүйе­ле­рін декарбо­ни­за­циялау бо­­йынша Назарбаев Уни­вер­ситетінде док­­­торлық дис­сер­­та­ция­сын қор­­ғап, PhD док­­торы дәрежесіне ие бол­­ды. Карантин кезін­де Айымгүлдің әріп­тестерімен бірге жариялаған Алматыдағы ауаның ластан­­уы туралы ғылыми еңбегі 2020 жылы ең көп сілтеме жасалған Қазақстан мақаласы болды.

п

Нұрбек НӘДІРҰЛЫ

Отан­дық 3 вертебрологтың бірі, балалар омырт­қасының де­формациясын түзеудің тех­ни­касын ой­лап тауып, қол­да­нысқа ен­гіз­ген ғалым. Еңбек жолын медициналық университеттің 4-курсында трав­мотология бө­­лі­мінің ме­йір­гері болып бас­тап, еліміздегі ең мық­ты, қолы алтын дәрігерге айналды. Кейіп­­ке­ріміз ғылыми жұмысында идио­­­патикалық сколиозды (сау бо­­лып­ туып, кейін омыртқаның қисаюы) зерт­теді. Н.Нәдірұлы ғылыми зерттеуінің нә­ти­же­сінде винтті (титан – қатты ақ металл) омыртқа сүйегіне салып ота ж­а­саудың жаңаша жолын тә­жі­р­­и­бе­ге енгізді. Ресейде оқып, ең­­бек еткен жылдары осы жаңа­лы­ғына патент алып, әдіс­­темелік құралын шығарды. Ол ұзақ­тығы 5-11 сағатқа дейін созы­латын 700-ден аса ота жасап, осыншама балаға жаңа өмір сый­лады. Оған көрші елдерден де ха­барласып, баласына ем сұрай­тын­дар көп.

р

Ертең

Отандық ғылымның ертеңі, яғни бола­шағы – бүгінгі озат ойлы, өнертапқыш оқу­шы­­лардың қолында. Халықаралық олимпиа­далардан алтын медаль алған, мектепте, университетте жүріп-ақ ғы­лыми жобаларына грант ұт­қан, жас­тайынан ғылымға жол тартқан өрендерді көргенде, қа­зақ­стандық ғылымның бола­ша­ғы барына сенесіз.

Абзал МЫРЗАШ

11 жасында мектепті бітірген вундеркинд кирилл қарпіндегі мәтінді ла­тын­ға аударатын бағдарлама ұсынды. Бұл болашақта еліміз жоспарлы түрде толығымен латын қарпіне қайта орал­ған­да ауа­дай қажет бағдарлама болғалы тұр. Кейіпкеріміз 15 жасында Қазақ-Британ тех­ни­ка­лық уни­­вер­си­те­ті­нің бака­лав­риа­тын тә­мам­­да­ды, қа­зір сол оқу ор­ны­ның магис­­тра­турасында бі­лім­ алып жүр.­ Қа­зақстан та­­ри­хын­да­ғы ең­ жас студент және IT-ма­маны бол­ған ол ел эконо­микасына қомақты қаржы әкелетін экологиялық бағдарлама дайындап, Нобель сыйлығын алуды армандайды.

р

Дулат ӘМІРЖАН

11-сыныпта оқып жүр­генде мү­ге­дектерге ар­­­нал­ған арба­ны автомат­та­н­­­­ды­ратын құ­­­­­­рылғы ой­лап­ тапқан. Әл­ем­де мү­ге­­дектерге ар­нал­ған авто­мат­ты ар­ба 600-700 мың теңге тұрады. Ал қа­­зақстандық оқушының STEM зертханасын­да мұғалімінің жетек­шілігі­мен жасаған құрылғысы қолда бар 50-60 мың теңгелік арбаны өздігінен қозғалта алады. Тұтынушы құ­рыл­ғыны арбасына орнатқан соң, не джойстикпен, не мобильді қосымшамен басқарады. Қазақстандық индустрия және экс­порт орталығы ұйымдастырған Qazin­dus­try ұлттық инновациялық бай­қауы­на қатысып, жүлде мен азын-аулақ қар­жылай сыйлықтар ұтып алған. Бірақ Дулат құ­рылғысына инвес­тиция са­лып, өндіруге мүдделі адамды әлі кезіктірмепті.

и