Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Мұғалімдік қызметке тұрмақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұғалімдік қызметке тұрмақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды

11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан.

Алаяқ азамат өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақша алған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасу мәселесінің шешімін таппаған.

Сонымен жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.