Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Беделден бөлек, жоғары білім де керек

160 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Семей қаласында болып, өңір халқымен бірнеше кездесу өткізді.

Беделден бөлек, жоғары білім де керек

Достық ауылдық округінде ұйымдас­тырылған жиында Н.Әбдіров өткен жылы сайланған ауыл әкімі Нүркен Жарлыкенов және Шақаман ауылының тұр­ғын­дарымен кездесті. Басқосу кезінде ауыл халқы ел Прези­денті­нің биылғы Жолдауда көтер­ген сайлау жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бастамаларын қол­дайтындықтарын айтты. Тұр­ғындар ауыл әкімдерін сайлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі ретінде сайлаушылардың «Бәріне қарсымын» деген дауыс беру құқығы енгізілгенін атап көрсетті. «Азаматтар өздерінің балама позициясын заңды түрде білдіруге мүмкіндік алып отыр», дейді олар. 

Шәкәрім атындағы Семей мем­ле­кеттік универс­итетінде ОСК төр­ағасы студент­термен кез­десіп, жастармен ашық әңгіме форматын­да сұхбат құрды. Се­мейлік жас­­тар Парламент және мәс­­­ли­хат­тар депу­тат­тығына кан­­ди­­дат­тар­ға қатысты сайлау заң­на­м­а­сы­ның талаптары, шетелде сай­лау учаскелерін ұйымдастыру тәр­­тібі, әскери қызметшілердің дауыс беруіне байланысты өз­де­рін қызықтырған сұрақтарды қо­­йып, толыққанды жауап алды. Кез­­десу барысында электронды, оның ішінде стационарлық және қашық­­тан дауыс беру мәселелері қозғалды.

Жастар электронды дауыс беру­­дің бас­ты артықшылығы – қол­­жетімділігі, ал кем­шілігі ақпа­рат­тық қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлермен байланысты екенін атап өтті. Белсенділердің бірі Еркебұлан Нұр­ділдә қазіргі жас­тардың сайлауға қатысуға қы­зы­ғу­шылығы жоқ екенін ай­та келіп, осындай кездесу­лер студенттердің белсенді­лігін арт­тыруға ықпал ететінін жет­кізді. Ал студент Сұлтан Бақытғалидың пікірінше, сайланбалы қызметке кан­­дидат міндетті түрде мемле­кет­тік тілді меңгеруі бойынша линг­вис­ти­калық емтихан тапсыруға тиіс.

Кездесуде сайлау процесінің өзекті тақы­рыптарына қатысты дәс­түрлі онлайн сауалдама жүр­гізілді. Нәтижесінде рес­пондент­тер­дің 39,6 пайызы электронды дауыс беруді қол­даса, 74,7 пайы­зы Президенттікке канди­дат мем­лекеттік тілді білуге тиіс және лин­г­вис­тикалық емтихан тапсыру мін­детті деп са­най­ды. Ал жауап беру­­шілердің 40,7%-ы сот­ты­лы­ғы бар аза­матты Президент, депу­тат, әкім сияқты сайланбалы лауа­зым­дарғ­а ұсынуға жол беруге бол­май­ды деп көрсеткен. Сондай-ақ рес­­­­пон­денттердің 33 пайыздан ас­­та­мы партиялық тізім бойынша сай­­­лан­ған депутат сол сайланған пар­­тия­сынан басқа партияға ауы­сып кетуіне болмайды деп жауап берді.

Ал Абай театрында өткен жиында Н.Әбдіров саяси партия­лар, үкіметтік емес ұйым­дар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, блогер­лер, Семей қаласы сайлау комиссия­сының мүшелерімен кездесіп, сайлау жүйесін реформалау, сайлау процестерін жаңғырту, азаматтардың сайлау институтына деген сенімін арттыру мәселелерін талқыға салды.

Кездесуге қатысушылар сай­лау­шылар тізімін жасау бойын­ша нақ­ты ұсыныс­тарын ортаға салып, сай­лаушылар тізімін «Аза­мат­тарға арналған үкімет» корпора­ция­­сының деректер базасымен біріз­­дендіруді қамтамасыз ету қа­­жет­­тігін алға тартты. Мәселен, қала тұр­ғыны Кеңес Өтегенұлы есеп­т­ен шығару куәліктерін беруді элек­т­рон­ды форматқа ауыстыруды ұсын­­ды. «Есептен шығару куәлігін алу үшін сайлаушы учаскелік сайлау ко­мис­сиясына барып, өтініш беру­­ге тиіс. Басқа қалада тұратын аза­­мат­­тар үшін бұл қолайсыз. Он­лайн өтінім жүйесі енгізілсе, тір­кел­­ген жерінен тыс жерде дауыс бер­­гісі ке­летін сайлаушылар үйден шық­­пай-ақ өтініш беруге мүмкіндік алар еді», деді ол.

Кездесулерде аумақтық және учаскелік сайлау комиссия­лары­ның ашықтығы мен жария­лылығын қам­тамасыз ету, электронды дауыс беру мүмкіндігінің перс­пективалары, сайлау проце­сіне қатысушылардың, БАҚ өкіл­дерінің құқықтық сауат­тылығын арттыру мәселелері қозғалды.