Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

«Зерде» холдингі қалай реформаланады? Министр жауап берді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін реформалаудың тиімді тәсілдері іріктеліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Зерде» холдингі қалай реформаланады? Министр жауап берді

«Реформалау туралы айтсақ, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді. Енді соның жолдарын қараймыз. Ең тиімді дегенін Үкіметке ұсынамыз», деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, реформалау мәселесі кешенді ауқымда қаралып жатыр.

«Есеп комитеті холдингтің 2016-2018 жылдардағы жұмысына талдау жасады. Кейінгі бір жылда холдингтің құрамындағы компаниялардың тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істедік. Тиімділіктің өскенін сандар көрсетіп тұр. Егер Есеп комитеті нұсқау берсе, қайта отырып, «Зерде» холдингінің жұмысын тиімді ету, реформалау мәселелерін қарастырамыз. Қазақстанда цифрландырумен 10-15 компания айналысады. Бұл жұмысқа түрлі компаниялардың қатысуы бізді жігерлендіре түседі. Өйткені әрқайсысының өз пікірі бар. Әрқайсысы өз жұмысын істейді», деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалау туралы тапсырма берген еді.